Корея дорамаларына көзқарасымыз қандай?

Корея дорамаларына көзқарасымыз қандай?
жеке
блог

Қазіргі таңда Кореяның кино саласы қарқынды дамыған десек те болады.Кішкентай кезімізде көк жәшіктен үзбей корея телехикаяларын тамашалаушы едік.Көбінесе Ел арна арнасынан корей дорамаларын көптеп беретін.Және Қазақстан каналынан да көретінбіз.Сол кезден бері Корея кино индустриясына деген қызығушылығым арта түсті.Жалпы корей дорамаларының тақырыбы мен идеясы әр текті болып келеді.Өздерінің көрікті Сеулмен жаныңды баурап алады.Сонымен қатар актер,актрисалары да өздерінің сұлулығымен көреремендерінің жылы лебіздеріне бөленіп жүр.Қазіргі таңда ғаламтордан да қарап тамашалап жүрміз.Корея дорамаларының ішіңде көбінесе мектеп жанрындағы түрлері ұнайды,мектеп оқушысы болғандықтан бізге қызығырақ.Махабат,достық,адамгершілік,ар-намыс,сыпайылық,ауызбіршілік барлығы дорамада көрініс табады.Қазіргі таңда дорамалардың аудармасын көріп жүрміз,яғни дорамщиктер сол дорамадағы басты рөлде өзі болғысы келеді.Бір сериясын бітіре сала келесісін көруге ынтығып тұрасың.Ия,бұл дораманың қызықты болғандықтан әрине.Жігіттерден қыздардан құралған топтарда кездеседі.Олар өздерінің жанкүйерлерімен үнемі бірге.Кореяның әдемі жігіттері қыздардың жүрегін баулап алуда,соған орай қыздардың өз биастары болады.Олар дорамщиктердің бір әлеміне айналады.Сол дорамаларды көріп корей тілін үйренуге машықтанып жан жакты болып жүрміз.Масагет сайтында дорамщик оқырмандар болса ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар!