Армандар орындалады

Армандар орындалады
жеке
блог

Сәлеметсіздерме, құрметті оқырмандар! Жақында «Прогулка» фильмін көрдім. Керемет туынды, барлықтарыңызға көруге кеңес беремін. Өмірден алынған оқиға, сонысымен өте қызықтырады. Фильмдерде «True story» деген жазуды көргенде қызығып ғаламторды ақтарып, сол жайлы ақпарат іздеу әдетке айналды. Адамның мүмкіндіктері зор екендігінің тағы да бір дәлелі. Осы киноның бас кейіпкерінің де арманы орындалды. Орындалу жолындағы кедергілерге қарамастан өз мақсатына жету үлкен жетістік. Осы жолда қолдау көрсететін, сонына дейін қасында болатын, саған сенетін адамдарсыз болмайды екен. Сондай адамдар барына риза болып, бағалаған дұрыс.

Фильмде түсірілген оқиға, өмірден алынған оқиғадан еш айырмашылығы жоқ екен. Тура түсірілген фильм. Арманынан қорықпай, әлемді таңқалдырған, француздық Фелипп Пети, кәзіргі уақытта Америкада тұрып жатыр, кітап жазумен айналасады екен. Арманының орындалу жолындағы қасында болған сүйіктісімен тағдыр қоспаған көрінеді. Кейіпкеріміздің қандай арманы орындалғаның айтпай-ақ қойғым келіп тұр, себебі сіздердің өздеріңіз қарап, тамаша әсер алғандарыңызды қалаймын. Араларыңызда осы фильмді қарағандар бар ма екен? Әсерлеріңіз қалай?

 Сонымен, үлкен арманның орындалуына: зор еңбек, сенім, сенімді жақын адамдар, табандылық талап етіледі екендігін ұмытпайық.

 P.S. Кеңес берер кино, кітап болса, бөліссеңіздер болады!)