Поддубный

Поддубный
жеке
блог

Жарнамасын көріп қызығып, интернеттен басты кейіпкерді Пороченков ойнайтын "Поддубный"ды тамашалай бастадым. (Орыстар кино түсіре алмайды) дегендер өтірік айтады! Бәрі де жоғары деңгейде. Актерлердің де, режиссердың да кәсіпқойлығы өте мықты! Кенет 1908 жылғы Париждегі француз күресінен болып жатқан әлем чемпионатында Поддубныйдың қарсыласы болып "Түрік балуаны Қажымұқан шықты"  Поддубный оны бірнеше секундқа жеткізбей алып ұрып,тіпті талдырып тастады...

  Біріншіден  Қажымұқан Түркия атынан ешқашан күрескен емес. Екіншіден Сол уақытта Мұқан Мұңайтпас ұлы "Мухинура" лақап атымен Жиу-житсу күресінен Жапония атынан шығып жүрген. Үшіншіден Мұқан "қажы"атағын 1909-1911 жылдары Түркияда киелі жерлерді аралап, кейіннен Меккеге кіші қажылыққа барғаннан кейін иеленді. 
  Бұл фильмді Түсірген Никита Михалков студиясының қожайыны бұл фактілерді білмеуі мүмкін емес еді. Өйткені ол "Қазақфильм" түсірген "Қажымұқан" филімінде Паддубный рөлін ойнаған. Сценаристердің "БІЛМЕЙ әдейі істеген қателіктерінің кесірінен тарнихи фактілер бұрмаланып,Қазақ халқының батырының абыройы аяқ асты етілген.

Ал филімді ары қарай көрген жоқпын. Көңіл күйім болмады...