«Sweet food» тағамы (арнайы тапсырма)

«Sweet food»  тағамы  (арнайы тапсырма)
жеке
блог

Барлығыңызға мақсатына жетіп, өз арманына бір қадам жақындаған Жангүл атты Массагеттік қыздарыңыздан жалынды сәлем! Міне, арнайы тапсырмада берілді. Ал маған берілгені жаңа  ас мәзірін дайындау. Мен бұл  ас мәзірінің атын «Sweet food» деп қойдым. Ағылшын тілінен аударғанда «Тәтті тағам» деген мағынаны білдіреді. Бұл тағамды дайындауға көп уақытта кетпеді. 30 минутта келген идея, 45 минутта дайын болды.  

Тағамның басты ерекшелігі көп қолданылмайтын кәді көкенісімен дайындалуы. Көкеністің пайдалы тұстары өте көп. Дәмі онша болмасада,   кәдінің дәмін өте  тәтті қылдыруға болады екен. Ол өзіңіздің шеберлігіңізге байланысты. Ет тағамының пайдасын әрбір оқып жатқан адам біледі деген сенімдемін. Бақшадағы ең  қажет, пайдалы, тұмауға ем болатын көкеніс пиязбен, сарымсақ екені сөзсіз.  Қияр- ас мәзірлеріне дәмде, сәнде береді.Бұл керемет көрсеткіш деп ойлаймын. Ендеше ас мәзіріне қажет тағам түрлеріне, сонымен қатар қалай дайындалу керектігіне назар аударайық. 

Қажет тағам түрлері:

1.Кәді (кабачок);

2.Пияз 

3. Ет 

4.Күнбағыс майы

5.Қияр

6.Уксус (1-2тамшы)

7. Орамжапырақ

8.Тұз

 Дайындалу тәсілі

Ең алдымен барлық керек тағам түрлерін тазартып, дайындап аламыз.  Оларды тураймыз. Бірінші кәдіні дөңгелек пішінді етіп майға қуырамыз. Оған тұз және 1-2 тамшы уксус қоссақ дәмі ойдағыдай болып шығады.  Кәді қуырылып болғанша етті және пиязды, орамжапықты ұсақтау қылып турап майға қуырамыз. Майға қуырып жатқанда  көз мөлшерімен тұз қосамыз. Дәл осы сәтте 2-3 тамшы уксус қосамыз. Уксус етті дәмді ғана қылдырып қоймай дәмін кәуап (шашлык) сияқты қылдырады. Ет дайын болғаннан кейін тәрелкеге кәді екеуін салып қоямыз. Қиярды әдемілеп турап тәрелкеге саласыз.  Дәміне қарай  кетчуп, майонез, қызанақ немесе қыша қосаңыз болады. Осылай жылдам әрі тәтті де дәмді тағам дайын. Ас болсын!