Массагет порталына – 5 жыл

Массагет порталына – 5 жыл
жеке
блог

Тың ойларымен, таң қалдырарлық жаңалақтарымен, әсерлі оқиғаларымен оқырмандарының жүрегін жаулап алған “Массагет” порталын 5 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл порталдың ерекшелігі тек қазақ тілінде оқушыларға да, жастарға да ерекше кеңестері мен қызықты мағлұматтарды ұсынуы деп білемін! Өз басым “Массагет” порталының кұнделікті жазбаларын қалт жібермей оқуға тырысамын. Бұл портал арқылы “Rio 2016” жаңалықтарын да біліп отырмыз. Бойжеткендерге де арналған бөлімі бар. Ондағы сән туралы жазбаларды асыға күтіп, шыға қалса қайта-қайта оқып, сән кеңестерін өмірде өз керегіме жаратудамын. Тағы да атап өтерлігі, бұл порталды түрлі сабақтардың видео нұсқасы бар. Мен математика, тоқыма тоқу және ағылшын тілі сабақтарын көріп шықтым. Денсаулық, мектеп өмірі, спорт, әдебиет, езутартар сынды бірнеше бөлімге бөлінген. Солар арқылы жаныңызға керегін лезде таба алсыз.

 Ал “Массагет” ұжымы туралы айтар болсақ, татулығы мен бауырмалдығы, білімділігі мен мейірімділігі мол ұжым. Құрметті “Массагет ” ұжымы, берген кеңестеріңіз бен ерекше жазбаларыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін! Сіздерге ұзақ өмір мен зор денсаулық тілеймін!

“Массагет” порталы! Бұл порталдың арқасында мен қаншама достар таптым, қызықты мағлұматтар алдым, өмірге қажет біраз кеңстерге қанық болдым. “Мақсатыңа Массагетпен бірге жет” байқауында Гүлжанар Жарқынбекқызымен таныстым. Ол өте тамаша жан, мейірімі мол, айналасына шуақ шаша жүретін күн іспетті десем, артық болмас! Аз ғана уақыт арасында “Кен” тобындағы сұлу аруларға және жетекшіміз Гүлжанар Жарқынбекқызына қатты бауыр басып қалыппын. Сіздерге өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін!


“Массагет” порталының жастарға әлі де берері мол. Сондықтан да порталдың өркендей беруіне тілекшімін! Оқырмандарыңыз көбейе берсін!