Біз бақытсыздықтың не екенін елестете де алмаймыз

Біз бақытсыздықтың не екенін елестете де алмаймыз
жеке
блог

Бақыттысыз ба? Егер  «иә» деп жауап берсеңіз сізге басымды иемін. Ал егер сіздің жауабыңыз  «жоқ» болса сізге айтарым  бұлай деуге асықпаңыз. Бақыт сіздің көлеңкеңіз секілді сіздің арқаңыздан  еріп жүреді. Бақытты болу немесе болмау сізге байланысты. Иә, иә сізге...    Ойланыңыз, ой түйіңіз!

Қаншама пьесалар театрда сахналанып көрермен көзайымы болды. Олардың қай-қайсысы болсын өзінше мән-мағынаға толы. Бөліп жара алмайсың. Сонда да өзіме жақын болған, көзіме жас алдырған туындыларды атап өтейін:

асем

1.     1. Роза Мұқанованың  -  «Мәңгілік бала бейне» пьесасы. Бұл пьесаны барлығымыз білеміз. Сол кездегі сұм жылдардың аязын, қахарын еске салады.  Ананың күйзелісі мен баланың күйінішін бейнелейтін бұл шығарма  әрбір жанның  көзіне жас көңіліне қаяу түсірері анық.  Семейдегі сынақ полигоны жан-жануар түгіл адамдарды да қырып жібере жаздады. Сұмдық радиацияның әсерінен бұрын соңды болмаған жағдайлар тіркелді. Адамдар түгелімен ауырып, мүгедек болды. Пьесадағы Ләйлә есімді кейіпкердің ғұмыры бұған дәлел еді. Ләйлә бойжетіп отырса да бала бейнеде қала берді. Жанындағы адамдардың аянышын көріп, өз өміріне налыды. Ең сорақысы атом бомбаларын адамдар өз қолымен жасап отырғаны жанына батты. Шығармада тек Ләйлә ғана емес басқа да жандардың азапқа толы өмірі баяндалады.

мангилик бала бейне

2.   2.  Мұхтар Әуезовтың   – «Еңлік-Кебек»  пьесасы. Ежелден ел аузында келе жатқан махаббат хикаясы екі жастың адал махаббатын бейнелейді. Еңліктің  Кебекті сынауы, Кебектің  Еңлікті сынауы бір-біріне деген сенім мен сезімді нығайта түсті.  Екі ел арасындағы дау-дамайды шиеленістіріп, махаббаттары үшін күрескен жастардың да батылдығын көрсетеді. Әсіресе соңғы айтқан Еңліктің үш тілегі жан-жарына деген  үлкен махаббаттың белгісі емес пе?

               

                  

      3.Шыңғыс Айтматовтың  -  «Ана Жер Ана» пьесасы.  Аты айтып отырғандай  Толғанай есімді әйелдің бүткіл өмірі сипатталады.  Базарлы да баянды бақытына көз тиді ме екен, сұм соғыс жанына жақын деген жандардың барлығын бірінен соң бірін алып кетті.  Амал не, сұм соғыс айрандай ұйып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсірді. Ал ана жүрегі осының барлығына күйінсе де келініне демеу бола білді. Бірақ соңында келіні де қаза болды. Толғанайдай  қазақ әйелінің даналығы мен даралығы толық ашылған бұл туынды қазірде көпке үлгі болып жүр.

        

 4.     4.Ғабит Мүсіреповтың  -  «Ақан сері - Ақтоты» пьесасы.  Ақан сері  жастайынан өнерге басын иген жан болды. Оның алғашқы туындылары Ақтотыға арналды. Өйткені оның сүйгені Ақтоты еді.  Өкінішке орай өмірлік серігім деген жанмен мәңгілік бірге болу Ақан серінің маңдайына жазылмаса керек. Оның осыдан кейінгі өміріде оңған жоқ. Екінші әйелі де шешек ауруынан қайтыс болды. Тазысы мен бүркітінің, одан қалса Құлагердей жүйрігінің қазасы оны күйзелтпей қоймады. Өз өмірінде осыншама қиындық көрген Ақан сері соңында өзі де қаза болады. 

          

5.     5.Мұхтар Әуезовтың  -  «Қарагөз» пьесасы. Бұл шығармада да екі жастың махаббат хикаясы бейнеледі. Қарагөз бен Сырым қанша жерден бір-біріне ғашық болса да қосыла алмайды.  Олардың қосылмауының себебі аталастық туыстығы еді, сонымен қатар Қарагөз айттырылған болатын.  Қарагөз  Наршаға тұрмысқа шығалыды. Бірақ, жүрек шіркін қоя ма екен Наршаның бәйек болып жүргенін білмейді де түсінбейді де. Салт-дәстүрдің  кесірінен қосыла алмаған жастардың махаббаты шексіз еді.

        

        

Қарап отырсақ, туындылардағы кейіпкерлердің өмірі бақытсыздыққа толы.  Жарқын өмірге талпынған Ләйлә, Еңлік пен Кебектің  баянсыз ғұмыры, жаны жараланған Толғанай ана, Ақтотысын аңсаған Ақан сері, қосыла алмаған Қарагөз бен Сырым...

Айтса осы жандар айтпас па еді бақытсызбын деп, жоқ олар күресті бақыт үшін, бақытты ғұмыр үшін... Ал біз ше? Өміріміздің әрбір сәтсіздігін бақытсыздық деп қабылдап, ештеңеге көңіліміз толмай жүреді? Рас, біз бақытсыздықтың не екенін елестете де алмаймыз.