Сәттілік болсын серігің

Сәттілік болсын серігің
жеке
блог

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының мен үшін алар маңызы бөлек. Еліміздің түкпір-түкпірінен достар тауып, қуанышқа бөленіп қалып едім. Бір кемедегінің жаны бір дегендей барлығымыз бір топ болып алға жүреміз. Өткен блогтарымда айтқанымдай ақ байқау маған жауапкершілікті сезінуді, бастаған істі аяғына дейін жеткізуді үйретті. Осы үшін сайт әкімшілігіне алғысымды айтамын.

Бүгінгі блогымды тобымыздағы ақылды да білімді досым Ақниетке арнадым. Ақниет біз байқау арқылы танысып, араласып кеттік. Азғана уақыт аралығында бір-бірімізді жақыннан тани бастадық. Менің саған айтарым екі ауыз сөз ғана "Өзіңе сен". Сенің байқауда да өмірде де биік белестерден көрінуіңе тілектеспін.