Балалық базарында

Балалық базарында
жеке
блог

Балалық шақ - тегін бақыт базары,
Алаңсыз кез, өмірдің ең ғажабы. 
Ата-ананың мейіріміне бөленген,
Үлкендердің тек өзіңде назары. 

Қылығыңа барша жандар сүйсінген, 
Анаң да бар ләззат алар иісіңнен. 
Бір ісіңе бір істерің үйлеспей, 
Тентектігің жасалатын қисынмен. 

Аралайсың күнде ойыншық арасын, 
Тəтті күлкің табар ылғи жарасым. 
Болмашыға еркелікпен ренжіп, 
Бұртиып та, кейде жылап қаласың. 

"Айналайын, балапаным,"- дегенге, 
Еркелейсің ата-аналары келгенде. 
Балалық пен шалалықтың белгісі - 
Əр кездері зəру болып демеуге. 

Балалықтың əр кезде де есіңде, 
Жадыңда ылғи мәңгілікке сақталған. 
"Бүгін анам əкеп берді ойыншық," -
Деп əрқашан ойыңда жүр мақтанған.