Интернат наны

Интернат наны
жеке
блог

Сәлем достар!

Бүгін Шерхан Мұртаз атамыздың “ Интернат наны ” атты әңгімесі туралы айтсам деймін. Әңгімеден алған әсерім ерекше.

Әңгімеде соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі суреттеледі. Басты кеәіпкер – интернаттағы оқушылар және Әлтай. Әтай – басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз, нанға тоймайтын қара бала болып сипатталған. Ол тамақ жегенді жақсы көреді. Бірақ соғыстан кейінгі өмір де жеңіл емес қой. Интернат балалары аз ғана тамақтанады. Ауылдан апалары тамақ алып келсе міз болысып қалады. Бірақ, ол тамақты да жей алмайды. Неге дейсіз бе?  Себебі: апасы ол тамақты аға – інілерінің аузынан жырып әкеләп тұр ғой. Кішкентай болса да бауырларының қамын ойлап интернаттағы балалар бұл апасы әкелген тамақты жеуге батпайтын. Әсіресе,  Әлтай. Ол апасы әкелген тамақтарды өзінің чемоданына сақтап жүреді. Оны бір түні достары көріп қойып, “ бізге де бересің...” -, деп байбалаң салып жатқанда, оларды интернат мұғалімдерінің бірі байқап қояды. Олардың тәтті ұйқысын бөліп, жылы көрпесінен бөліп, далаға шыгарып сапқа тұрғызып қояды. Ол кісі біраз тұрып балалардан “ Қарындарың ашты ма? ”-, деп сұрады. Балалар қарны ашқанын айтар – айтпасын ойланып біраз тұрды. Ешкім үндемеді. Енді мұғалім артына қайтып кетіп бара жатқанда, Хасболат қарны ашқанын айтты. Оны қалған балалар да қолдай кетті. “Ашынған қарын тойынар. Барыңдар, ұйықтаңдар! ”-, деп бұйырды мұғалім. Балалар  бөлмеге барып, жылы көрпелерімен қайта қауышты. Барлығы ұйқыға жатқалы жатқанда, Әлтай орнынан тұрып, чемоданын ашты. Ондағы нан , құрт, талқанды барлық балалардың жанына апарып таратып берді. Балалар өте таң қалды жіне қатты қуанды. Қаншама күннен бері сол күні қарындары тойып ұйқыға кеткендей болды. Олардың барлығы тістерінде нанды көретін. Олардың бүгінгі түсінде: Бөлме ортасында шырша тұр екен. Шыршада ойыншық орныныа үлкен – үлкен бөлке нан ілініп тұр. Ал, әлгі мұғалім, Аяз – Ата болыпты. Ол жаңа – жылдық тәттілердің орнына үлкен бөлке таратып жүр екен. Міне, интернат балаларының түсі осындай болды.

Бұдан біраз күн өткеннен кейін балалар асханаға барып, бір таңғажайып оқиғаға тап болды. Үстелде бұрынғы бір тілім нанның орнында үлкен бөлкелер тұр екен. Сол күні барлығы қуанысып, әбден тойғандарынша тамақтанды. Бұрын нанды тез жеп қоятын Әлтай, бұл жолы нанды еш тауыса алар емес. Бұл күн – карточка системасы жойылған күн екен.

Қаншама жылдар өтті. Балалар интернатты аяқтады. Барлығы да қазірде беделді де құрметті тұлғаларға айналды. Олардың барлығы интернаттағы кезеңдерді ешқашан ұмытпайды. Олар жетістігіне себепші болған сол бір тілім интернаттың қара наны деп біледі.

Мен әңгімені толық жазып шықпадым. Тек өз түсінгенімді, ойға түйгенімді, алған әсерімді көрсеткім келді. Әңгіме желісі өте қызық. Толық оқып шығыңыздар, еш өкінбейтіндеріңізге сенімдімін.

Тағы бір айтарым. Сол кезеңдегі интернат балалары аңсаған нанның қадірін біз түсініп жатырмыз ба. Олар күні – түні нанды аңсады, нанды құрметтеді. Ал қазір ше? Ата – аннам маған кішкентай кезімнен бастап нанды  киелі деп түсіндірді. Нан қоқымын баспауды, жерге тастамауды үйретті.

Айтарым, қолда бардың қадірін білейік. Нанға да қамқорлық көрсетейік. Алғаш мектепке барған кездегі өлеңімізді есімізде әрдайым сақтайық!

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!