Жетістікке жетудің екі жолы: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану. Ле БРУЙЕР

Жетістікке жетудің екі жолы: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану. Ле БРУЙЕР
жеке
блог

Сәлем "Массагетіктер" !

Менің бүгінгі жазбам жетістікке жетудің қағадаттары туралы айтылатын болады.

ҰБТ- Қазақстан Республикасында қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. Бұл сынақтан сүрінбей өткен мықтылар ғана, өз қалаған мамандықтарының иесі бола алады. Жоғарғы балл- ең үлкен жетістік.

Жетістік дегеніміз не?

Жетістік- рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа және проектке бағыттау және сол мақсатқа жету. Адамның шаттықта оранып, өмірден құмарлана ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, шат-шадыман болатын бақытқа жетудің бірі де- ЖЕТІСТІК!

"Жетістіктің токсан пайызы-тер, он пайызы-шабыт",-деп Эдисон айтқандай ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалған адам ғана өз білімін толықтай көрсетіп шыға алады. Ал бос уақытын пайдасыз істерге арнап, сынақ тапсырар кезде мүлт еткендер өзінің қателігін арашалау үшін түрлі сылтау айтады. Мысалы:

"Ақшаға сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмаймың"-деген қытайдың пәлсәпасы тағы бар.Уақыт шіркін зымырап өте шығады-ғой тегі. Бүгінгі түлектер де ертеңгі өміріне жауапкершілікпен қарай алатын мамандар болып шығатыны сөзсіз.

Жетістікке жететін екі түрлі жол бар.

 Өзіңнің ізденісің арқылы, яғни бұл жерде білімді жандарды айтқым келеді. Ғұламаларымыз айтып кеткен сөз бар еді ғой: "Білімділермен дос болыңыз, олардың тоқсан пайызы жетістікке жете біледі",-деген. 

Ғалымдар қазіргі кезде мектепті үш пен беске бітірген екі адамды талдап қорытынды шығарған. Көптің: "неге нашар оқығандар бастық болады?",- деген сауалдарына жауап табылды. Мұндай жандар көбіне әке-шешесінің көмегімен жетеді екен. Демек, бұлар жетістікке жетудің екі тәсілі.

Ал сіз болашақ маман иесі қай жолды таңдайсыз?

Ата-ананың мойнына салмақ салуды ма, әлде өзге жандар секілді өзіңіздің күшіңіз арқылы биіктерді бағындырасыз ба?    Таңдау да, ерік те өзіңізде.

Тек мына сөзді есіңізден шығармаңыз: "Қырандармен бірге ұшқыңыз келсе,

Тауықтармен бірге қоректенбеңіз!"

Мынадй сөздер де ҰБТ-ға дайындалу барысында үлкендерден естимін. Ол көбіне алдына биік мақсат қойып, бірақ қамсыз жүрген шәкірттер туралы айтылады. 

"Астанаға барамын деп,

Ташкенттің жолын таңдама!",-

мен бұл мақалдың мәнісін терең түсінбесем де, өзімше жорамал жасадым. Менің көзқарасым бойынша, бұл алдыңғы қатарлы білімі озық оқу орындарына түсемін десең, дайындығыңды бүгіннен баста дегенге сыяды.

Бауыржан ағамыздың бала тәрбиесінде мынадай керемет сөзі бар:

Еңбегімен, жүрсін ұлың баға алып,

Ақыл-оймен өзгелерден дараланып.

Көтерілсе өзіндейді бағалайды,

Отырмайды: пара беріп, пара алып...

"Адам баласының ұлы ойларының қоймасы-кітап",-деп  Линкольн айтқандай, бүгін кітапты біз оқитын болсаң, ертең кітап бізді тарих қылып жырлайтын болады. 

Бүгінгі шәкірт,ертеңгі мемлекет тірегі. Мемлекет біз арқылы көркейеді. Менің бігінгі жазбам көпке ой салады деген сенімім зор! Сөзімнің соңын Мұхтар ағамның өлең жолдарымен аяқтағым келеді және сіздерге тағы бір айтарым Мұхтар ағамыздың "Мені неге Мұхтар қойған?!" өлеңін бір оқып шықсаңыздар деймін. Берері көп...

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен АРМАН керек екен адамға...