Жасыл дәріханадан тегін кеңестер (байқау)

Жасыл дәріханадан тегін кеңестер (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн Массагет оқырмандары! Осы аптадағы екінші мақсатымды қасиетті Жұма күні орындауға кірістім, нәтижелері төмендегідей болды. Мақсатымды видео түрінде шығарайын деген ойым  жүзеге аспай қалды, үйде жалғыз болғандықтан түсіретін адам болмай қалды. Ыңғайсыздық үшін сіздерден кешірім сұраймын.

                                         Қасиетті Жұма мүбәрәк болсын, мұсылман бауырлар.

Осы аптадағы екінші мақсатым өсімдіктерден дәрі жасау болатын, ол мақсатымды орындай алдым деп ойлаймын. Сіздерге бір көмегі тиер деген оймен кез-келген адам жасай алатын оңай әрі пайдалы рецептерді ұсынамын.Жалбыз

Менің алғашқы рецептім қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, жүйкесі жұқарған адамдарғы пайдасы тиері сөзсіз. Себебі менің бірінші рецептім жанға шипа жалбыздан жасалған. Ал енді дәріні жасау жолын айтар болсам ол өте оңай. Кез-келгеніміз жаз шығысымен ауылды аңсап, ата-әжемізді сағынып ауылға жол тартамыз. Ауылдағы бір күніңізді жалбыз жинауға арнасаңыз, жинаған жалбызыңыздың пайдасы көп болады. Бау-бақшада өсетін жалбыздың жапырағын теріп алып, оны көлеңке жерде кептіріп, ұнтақтап жинап қойсаңыз, жұмыстан шаршап келгенде, ашуланшақ болған кезде бір шай қасық жалбызды бір стақан қайнаған суға салып, 5 минут буландырып, жалбызын сүзіп тастап іше беруге болады. Ол шәй сондай-ақ ішек жұмысын жақсартып, зат алмасуды жақсартады.

Жалбыз

Шайды шәрбәт етер – Шайқурай жайлы білмейтініміз кемде-кем шығар. Шайқурай кез-келген үйдің бау-бақшасынан табыла кететін дәрілік өсімдік. Одан жасалатын дәрілер қызыл иек қабынып тіс босағанда, ауыздан жағымсыз иіс шыққанда, іріңдеген жараға, күйген жерге, бауыр, асқазан ауруларымен қоса тағыда көптеген ауруларға ем. Ал енді дәрі жасауға келер болсақ:

Шайқурай

Жағатын май (мазь) – терідегі іріңдеген жара, күйікке және т.б. жағу үшін тек гүлінің бір бөліміне 2 бөлім күнбағыс майын араластырып (бір ас қасық кепкен гүлге 2 ас қасық май құяды) 3 аптаға (21 күн) қояды. 3 апта өткенде қолдануға болады. Тізіп айта берсең шайқурайдың пайдасы көп, мен осы жерден қысқа қайыра салдым...

Шайқурай

Осы жерде сіздерге өсімдіктер жайлы жұмбақ жасыруды жөн көрдім.

Шипалы бір өсімдіктің түрі болып саналар,

Ақ үлпекті жемістері желмен ұшып таралар.

Басындағы шарға ұқсас шоғырланған жемісін,

Ермек етіп, үрлеп ұшырып ойнайды ғой балалар.

 

Халық оған шипа деп сенім артқан,

Терідегі жараға соны тартқан.

Тұқымдары шырышты ұсақ екен,

Көбіне жолдың бойын еткен “мекен”

 

Ал қане өсімдіктер жайлы кім көп біледі екен? Ойланайық, жұмбақтың жауабын табайық. Жауаптарыңызды пікірге жазыңыздар.