Сүт пайдалы - ақ, дәм татыңыздар қаймақ! (БАЙҚАУ)

Сүт пайдалы - ақ, дәм татыңыздар қаймақ! (БАЙҚАУ)
жеке
блог

Баршаңызға сәлем! 

Ұлттық тағамдардың ішінде ең ежелгі және көпшілікке ортақ ақ екені баршамызға мәлім. "Ағы бардың бағы бар" деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт пен тоқшылық деп бағалай білген. Сүттің пайдасы көп. Ал сүттен дайындалатын тағамдар құрамындағы дәрумендер ағзағаңызға, сүйегіңізге, теріңізге оң әсерін тигізеді.

Сүттің соншалықты құрметтеу себебі - ол тіршілік арқауы, дастарқан молшылығы.

Қаймақ. Бұл тағамның бірнеше түрлері бар: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ, тағы басқалары. Олар май айыру, шайға қату, талқан былғау және әр түрлі тамақтарға қосу үшін, кейде қаймақ күйінде пайдалану немесе басқа тамақтарға (нанға, бидайға, тарыға т. б.) жағып жеу үшін әзірленеді. Піскен қаймақ пісірілген сүттің бетінен алынады. Шикі қаймақ шикідей тұндырып қойған сүттің бетінен немесе сепоратор машинасына тартылған сүттен алынады. Одан сары май алынады. Кілегей қаймақтан да сары май алынып, жүдеу адамдарды оңалтуға пайдаланылады немесе басқа тамақтарға қосып дәмі келтіріледі.

Өрістен келген сиырды сауып, сүтін арнайы сепоратор құралымен тартып, сүттің қаймағың алып, бұзауға береді немесе одан айран, құрт, ірімшік жасайды.

Мен сіздерге сүтті қалай тартып, қаймақ алу жолын көрсетемін.

Алдымен, сепоратор құрылғысын алып, оны токқа қосамыз. (Сепоратордың қолмен де тартатын түрі бар)

Одан кейін сепоратордың ұршығын жинаймыз. 

Ұршығын жинап болған соң, орнықтырып, қаймақ ағызатын, қаймақ пен сүтті ажырататын, сүт құятын бөлшектерді құраймыз.

Сепораторды арнайы тетігінен басып, іске қосамыз. Сүт құйып, қаймақ ағызамыз.

Ал мінекей, ауылдың табиғи қаймағы!

Назарларыңызға рахмет!