ҰБТ-да Қазақстан тарихынан толық жауап берсем деймін (байқау)

ҰБТ-да Қазақстан тарихынан толық жауап берсем деймін (байқау)
жеке
блог

Салем достар! Мінекей, бесінші аптаға да жетіппіз. Уақытта тез өтіп жатыр. Осы қысқа уақытта мен өз уақытымды ҰБТ-ға дайындыққа арнап жатырмын. Алдыңғы блогымда қазақстан тарихынан дайындық жасап жатқанымды айтқан болатынмын. Енді осы аптада қазақстан тарихы пәнінен дайындығымды жалғастырамын. Қазіргі таңда мен мектеп оқулығынан тыс ежелгі қазақстан тарихы кітабын оқып жатырмын.Бұл кітап 6 сыныпқа арналған.Мұнда 25 пораграф қамтылған. 4 бөліктен тұрады.
1. Кіріпе
2. Тас дәуірі
3. Қола дәуірі
4. Қазақстан жеріндегі тайпалар бірлестігі және ежелгі мемлекеттер


Қосымша қорытынды тест сұрақтары мен бұл өте қызық тақырыпшалары бар. 
Кіріспе бөлімі «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбы бойынша қысқаша көрсетілген.Әр тақырыпты бастамас бұрын Себебі және Бәлкім есімді достартардың әңгімесімен басталады. Тақырыпты оқуға жеңіл, түсінікке жақсы, нақты жазылған.

Ең маңызды керек жерлері ерекше жазумен жазылып көрсетілген. Тақырып соңында тапсырмалар мен сөздік көрсетілген.Тақырыпты оқып аяқтағаннан кейін міндетті түрде соны орындаймын. Себебі, тақырып бойынша оқығанымызды қысқаша қайталаймыз.

Бұл кітап маған өте қатты ұнады. Қысқаша әрі қызықты. Сіздерге де оқуға кеңес беремін. Өкінбейсіздер!