Айырылысу әдеті...

Айырылысу әдеті...
жеке
блог

Бұл киноны барлық 20 дан асқан қыздарға көруге кеңес берер ем.... Кино сондай қызықты, әдемі, романтика мен позитивке толы. 

Жалпы мен ресейлік киноларға өте құмар емеспін, кеше де барған кезде трейллерін көріп алып бірақ бардым. Сондай көңілді, жеңіл былайша айтқанда қыздарский кино Smile.

Қыздардың өмірі, ойлары, армандары, әңгімелері, өсектері, әдеттері, өзіндік проблемалары ашық көрсетілген. Киноның ең бір ұтқаны тұсы қыздың бәрін өзін баяндап отырғаны. 

Қыздардың басында көп "таракандар" бар демекші кинодағы Ева сондай таракандары көп қыздардың бірі. Ең алғаш ғашық болып, бірге бақытты ғұмыр кешіп жатқан Дениспен бірнәрсе жетіспегендей болады. Сонымен ол өзінің бақытын, яғни махаббатын іздеуге шығады. Денис оны қанша жыл болса да күтетінін айтады... Ең басты өзгерісті ол шашын бояудан бастайды (жалпы, қыздар шашын өзгертсе қорқу керек Smile). 

Басталды, ең алғашқы жігіті Денистен кейінгі рокер жігіт. Бәрі басында тамаша, бірақ күндер өте келе ол сенің адамың емес сияқты. Әйтеуір бір нәрсе жетіспейді, қыздар жоқ нәрсені ойлап алып соған сенетіні сияқты ол жігіт оны сүймейді деп ойлап онымен кездесуге бармай қояды... 

Содан, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жігіт кетеді... Ең бастысы ол әр жігітті кездестірген кезде ол "бітті мен махаббатымды кездестірдім" деп ойлайды. Сол жігітіне сәйкес өзгереді, соның өмір сүру стиліне көшеді. Күндер өтіп бәрі керемет, бәрі ұнайды.. Бір күні бәрі бұзылып қалғандай, бір сәтте ол адам саған мүлдем жат сияқты күй кешеді. (қыздар мұндайды жақсы түсінеді Wink). 

Тізім бойынша соңғы жігіт кеткесін Ева барлық бұрынғы жігіттерімен кездесіп, неге оларда ары қарай жалғаспағанын сұрайды. Бірі маған ойлануға уақыт бермедің, бірі менің істеген істерім сені бұрынғыдай қуантпады, бірі менің әнім сені қызықтырмады... 

Ева өзінің махаббат оқиғалары жайлы блог жүргізе бастайды, блогының танымал болғаны сонша оны бұрынғы жігіттері де оқып жүреді...

Ойлана келе ол өзінің Денисінен артық ешкім жоқ деп ойлайды, "ол мені әлі күте ме екен?" деп сұрайды.

-Иа, мен сені күтіп жүрмін әлі де бір  жыл күте алам дейді. 

Бір жыл ойланып, берілген уақыт бітер кезінде 1 күн қалғанда Дениске хабарласады. Ол күте алмағанын айтып, ертең үйлену тойы екенін хабарлайды. Салысы суға кеткен қыз өлмек болады. Бірақ, өлмей қалады. Себебі, оны шынайы махаббаты құтқарып алады... 

Киноны қыздарға құрбыларыңызбен барып көруге кеңес берем, себебі сіздің өміріңізге ұқсас сәттер кезігіп қалуы өте-өте әбден мүмкін Smile. Ол кинодан әр қыз өзін көреді, өткенін саралайды. Құрбыларыңызбен де еске алатын сәттер еске түседі. Себебі, өзімде сондай болды. Мүмкін, барлық қыздар көрсін дегенім де сол шығар...