Атақты адамдардың бастан кешкен оқиғалары

Атақты адамдардың бастан кешкен оқиғалары
жеке
блог

Антым бар
Өмір бойы кітаптан бас алмаған, қызық бір кітап қолына түссе, оқып біткенше  орнынан қозғалмайтын Қалағаңа зайыбы Фарида: «Тамақ суып қалды ғой, болсаңшы енді»,  – депті. Сонда Қалағаң:
– Білесің бе, Фарида,
Суып тұрған мантың бар.
Сол мантыны жеймін деген
Отанға берген антым бар,
– депті.



Ұпай санымен...
Қалағаң Әбдіжәміл Нұрпейісовпен көп қалжындасып өткен. Бірде қалжындаудан ұпай санымен Әбекең басым болып жатса керек. Сонда Қалағаң:
– Аралда анау жүргенде
Күн көруші едің шабақпен.
Үйсінге құда болған соң
Қолынды жудың арақпен,
– депті.

Қажымұқанның қалжыңы
Балуан бір күні келе жатып батпаққа батқан трактордың үстінен шығады. Жұрт жиналып, әуре-сарсаңға түсіп жатыр екен дейді. Қажекеңді көмекке шақырады.
Сонда балуан беліне арқан салады да  «Әуп!» деп бір-екі ырғап жіберіп, тракторды суырып алады. Сонан соң белін жазып, маңдай терін сүртіп тұрып:
- Әлі де болса қажыған трактордан Қажымұқан артық екен-ау! -  деп кеңк-кеңк күліпті дейді.


Менің қасқыр итім бар
  Жазушы Зейін Шашкиннің үйінде Сәбит Мұқанов, тағы бірқатар ақын, жазушылар қонақ болып отырады. Алдарына табақ-табақ ет келеді. Дәстүр бойынша бәрінен жасы үлкен Сәбең ет асатуға ыңғайланады. Уысына қазы-қартаны толтырып алып, жанында отырған Жұбан Молдағалиевқа ұсына бергенде, Жұбан:
 – Ойбай, Сәбе, менің гастритім бар, –  деп аттонын ала қашады. Сонда, сол жағында отырған Сырбай Мәуленов:
 – Сәбе, маған әкеліңіз, Жұбанның гастриті болса, менің қасқыр итім бар, –  деген екен.
  

Білген сөйлейді
 Бір ғалым өзінің докторлық еңбегін қорғап жатса керек. Даулы пікірлер туындап, академик Әлкей Марғұлан екі-үш рет шығып сөйлепті. Сонда ойнай беретін біреу:
—   Әлеке, бүгін көп сөйлеп кеттіңіз ғой, –  дейді. Бұған Әлекең:
—   Кісі не нәрсе туралы бірдеңе білген соң сөйлейді ғой, білмесе несін сөйлесін, – деп жауап беріпті.
 

Жоқшылық, қасқыр және ақын

 Нұрқан Ахметбековтың жас кезінде өлең шығаратыны байға ұнамайды. Ақыры бірде «Сен жалқаусың, әуейісің, өлең шығарасың» деп, ауыл көшкенде көлік бермей жұртқа тастап кетіпті. Алқалы ауылдың қаңыраған жұртына ит-құстың үйір келетін әдеті. Кешікпей-ақ Нұрқанның үйінің талғажау еткен жалғыз сиырын қасқыр жеп кетіпті. Сонда Нұрқан былай деген екен:
Мінерге атым, артарға жоқ түйем де,
Жоқшылықтың отына мен күйем бе?
Жалғыз сиыр жар астында жасырын
Кездесіпті қасқыр деген жиенге.

  

Бес мың сом
 Әйгілі күйші Әбікен Хасенов қайтыс болады да, марқұмды жерлеу комиссиясын басқару Шәкен Аймановқа тапсырылады. Шәкең Әбекеңді жерлеу рәсіміне қаржы сұрап, тиісті қызметте отырған Асқар Закаринге келеді. Жағдайды айтады да, бес мың сомға ұлықсат етуін сұрайды. Сонда А. Закарин:
 –  Шәкен-ау, бес мың сом бір адамға көптеу емес пе? – деп тартыншақтаса керек.
Шәкен болса іле тіл қатып:
 – Асеке-ау, бір бес мың сом үшін тағы да біреуіміз өлуіміз керек пе!  –  деп, қалағанына

  

Әзіл
  Бір жиналыста белгілі ғалым Ысқақ Дүйсенбаевтың артқы жағындағы орындыққа Сырбай Мәуленов отырып қалыпты. Сонда Сырбай ақын Ысекеңнің бітімін меңзеп:
Желке жағы жеті адыр,
Жылқы жайсаң жеткендей.
Төбе жағы тап-тақыр
Тайлақ тайып кеткендей,
–  
деп әзілдеген екен.
  

«Өлетін неміс»
 Жазушы Жекен Жұмаханов соғыс кезінде дивизиялық газеттің тілшісі болған. 1943 жыл. Алғы шепте жүреді. Шайқас арасында қасындағы қазақ жауынгері екеуі бір неміс солдатының бейітті пана тұтып, бүгежектеп бара жатқанын көреді.
 –  Өй, мынау қайда жүгіріп бара жатыр? –  деп жолдасы винтовкасын алып басып салады.
Сонда Жәкең:  –  Өлетін неміс молаға қарай жүгіреді, –  деген екен.
  
  Білімділік
 Бірде ақын Мұхтар Шаханов: «Менің отырып оқыған оқуым сегіз-ақ класс. Басқасының бәрін сырттай оқыдым» депті. Сонда жазушы Кәдірбек Сегізбаев тұрып: «Білімсіздігіңді мойындаудың өзі білімділік» деген екен.
  

Жақсы адам
 Ақын Сәду Машақов 80 жасқа толып, төңірегіндегі қаламдас дос-жарандары құттықтап жатса керек. Сонда Сәдудің ақын інісі Ғафу Қайырбеков тұрып:
Алпыс жылдай даламызға жыр ексең
Жақсы адамсың жаратылған сирек сен.
Бұдан гөрі жақсы бола түсер ең
Сексен жасқа қалай келуді үйретсең, –
 деген екен.
  

Күй мен көңіл
 Ғалым,жазушы Мырзабек Дүйсенов бірде әйгілі композитор Дина Нұрпейісованың тартқан күйін тыңдапотырып, ерекше әсерге бөленген сезіммен:
 – Екі дүниенің қызығын көріңіз, – депті.
 – Қайдам, домбыра тартқан кісі ол дүниеде тозақ отына күйеді деуші еді, маған жұмағын қия қояр ма екен? – деп қарт әже жымияды. Сонда Мырзабек отырып:
 – Домбыраның арқасында бұл дүниенің қызығын көрдіңіз. Ал, ол дүниеде жазатайым мүңкір-нәңкір келіп тергей бастаса, Сіз жауаптың орнына күйіңізді тарта бе

Модный дорба
  Ақын Мұзафар Әлімбаев бірде қолына ала дорба ұстап, кітап дүкенінен шығып келе жатса бір қаламгер інісі кездесіп:
– Мұзаға-ау, мына бір дорбаңыз модный ғой, –  депті. Сонда Мұзафар:
– Бәрекелді, модный болғаны үшін емес, годный болғаны үшін ұстап жүрген ғой, –  деген екен.
ріңіз. Саңылаулы болса өздері де ойланар, –  деген екен.

 

«Сенің төбең кінәлі»
  Бақытжанның телефон арқылы біреумен қаттырақ дауыс көтеріп, ашулана сөйлескенін естіген Баукең кейінірек, жайбарақат отырғанда баласына:
 – Сен бағана жолдасыңмен айқайлап сөйлестің ғой, –  дейді.
 – Өзі кінәлі. Үндемегенге төбеме шығып алған, –  деп жауап айтады Бақытжан.
Сонда Баукең:
 – Ол кінәлі емес. Шығуға ыңғайлы, мінгенге жайдақ сенің төбең кінәлі, –  деген екен.
  

 

Гәп қайда
 Өзбек халқының әйгілі жазушысы Асқат Мұхтар әдеби-көркем «Шығыс жұлдызы» журналының бас редакторы болып қызмет істеп жүрген кезінде Алматыға қонаққа келіпті. Ол кезде «Жұлдыз» журналының бас редакторы Сырбай Мәуленов екен.
 – Сырбай, осы сенің «Жұлдызыңның» тиражы керемет көп қой... қалайша көбейтіп жүрсің? – дейді Асқат әріптесінен сыр тартып.
Сонда Сырағаң:
 – Асеке, біз жұлдызбыз ғой... Батысқа да, шығысқа да, тіпті күнгей мен теріскейге де нұрымызды шаша береміз. Сірә, оқырманымыз да сол себепті көп шығар. Ал сіздер тек шығысқа ғана нұр шашқан жұлдызсыздар... Меніңше, гәп осында! – деп әдемі әзілмен жауап беріпті. 

Шетен қалпақ
       Ұлы Абайдың Әзімбайдан тарайтын ұрпағы Фатих Дінисламов – ақындық, аудармашылық еңбегімен танымал болған кісі. Көп жылдар бойы ол «Жазушы» баспасында еңбек еткен.
      Бірде Фатих жұмысқа шетен қалпақ киіп келіпті. Мұны көрген Сырбай Мәуленов:
Қалпағыңыз шетеннен,
Келдіңіз бе шет елден,
Басыңыз да мықты екен,
 Мұндай жүкті көтерген;
 Ұрпағы деп Абайдың,
Айтпапты ел бекерден!–

дегенекен.
  

  Еліктеу
     Белгілі жазушылар Сәкен Жүнісов пен Адам Мекебаев 1985 жылы МәскеудегіЖоғарғы әдеби курсқа оқуға түседі. Сонда тапқыр, әзілге жүйрік ақын Қадыр Мырзалиев:
 – Адам – Сәкен боламын деп, Сәкен – Адам боламын деп оқып жатыр,– деген екен.
 

Қорғау қоғамы
      Жазушы Әнуар Әлімжанов көп жылдар бойы Қазақ КСР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы болып жұмыс істеген. Содан бұл қызметінен ауысқанда орнына бұрын сауда саласында жұмыстар атқарған бір азамат келеді.
     Арада бірер ай өткенде Әнуар қоғамда істеп жүрген Қалмұқан Исабаевқа жолығып:
  –  Хал қалай?– депті.
Сонда Қалмұқан:
   – Түркістан мазарын өзбектерге сатып жібермесін деп қорғап отырмыз ғой!– деген екен.
Осымен аяқталды,егер сіздер үшін қызықты болса,жалғасын жазамын пікір қалдырыңыздар!