Қанат Әлжаппаров Шапағат Орынбаевқа қарсы

Қанат Әлжаппаров Шапағат Орынбаевқа қарсы
жеке
блог

     «Елім менің» жобасында өздерінің ел туралы білімдерін көрсеткісі келетін адамдардан қатысуға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр. Олар қаншалықты патриот екендіктерін ел алдында сынға салмақ.

      Мұрат Қожаның «Намыс» тобында айтыскер ақын Сара Тоқтамысова, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Амалбек Тшанов, жас режиссер Шапағат Орынбаев бар. Ал Қаракөз Тілеубекованың «Жігер» тобында «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Байжанов, «Базар жоқ» театрының актері Қанат Әлжаппаров және тележүргізуші Сая Меңдеке бақ сынады.

        Ойын барысында Амалбек ағамыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе, ал Айдар әндерді табуда  көрермендерге өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді.

        Сая журналист ретінде екінші айналымда тілге деген  біліктілігін көрсетуге тырысты. Кезінде көңілді тапқырлар клубында көзге түсіп, бүгінде танымал әзілкеш атанып жүрген Қанат пен Шапағаттың әзілдері көрермендерді күлкіге қарқ қылды.

        Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама жеңімпаздарына «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығарған «Қазақстан тарихының төрт томдық энциклопедиясы», Сейт Кенжеахметұлының «Қазақ салт-дәстүрлерінің энциклопедиясы»  кітаптары тарту етіледі. Бұл теңдессіз, құнды кітаптар қазақ халқының шежіресі мен қатар ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлерінен сыр шертеді.

        Қанат Әлжаппаров ойын барысында кімге пародия салғанын білгіңіз келсе, 2 желтоқсан күні, сағат 13:30-да Қазақстан Ұлттық арнасында «Елім менің» теледуманын көруге асығыңыздар. Эфирде кездескенше...