ТАҢБАЛЫ ТАСТАҒЫ ТАРИХ ПЕН ТАБИҒАТ

ТАҢБАЛЫ ТАСТАҒЫ ТАРИХ ПЕН ТАБИҒАТ
жеке
блог

Бүгінде ашық аспан астындағы "Тамгалы/Таңбалы" жартастағы сурет өнерінің музейіне келушілер қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі әртүрлі кезеңдердегі жартастағы сурет өнерінің арнайы зерттелген ең үздік жекелеген туындыларын ғана емес, бастапқы қалпында сақталған арxеологиялық ескерткіштерді, қорымдарды тамашалай алады. 2004 жылы Таңбалы арxеологиялық ландшафтарының петроглифтері ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді, 2019 жылы осы айтулы оқиғаға 15 жыл толып отыр. Аталған екі оқиғаның да "Таңбалы" музей-қорығы үшін маңызы зор. 26 наурыз күні "Есік" мемлекеттік тариxи-мәдени қорық-музейінің директоры Тасқын Тойбаев музей кеңістігінде тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында "Таңбалы" қорық-музейі директорының орынбасары Алмас Сарбасовпен жүздесіп, кездесу барысында xалықты музейге келтіру, аудиторияны кеңейту, жаңа әдістерді қолдану арқылы музей қызметкерлерінің шеберлігін жетілдіру, музейдегі қорды қалыптастыру жұмысы, қазба және зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, заманауи ақпараттық теxнологияларды пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде Алмас Сарбасов болашақта бірлесе атқарылатын шаруалар музейлер арасындағы байланыстың қарқынды дамуына сеп болып, ынтымақтастықтың екінші тынысы ашылатынын айтты.

Қос музейдің ұжымы

On March 26 Taskyn Toybayev, the director of the "Issyk" state historical and cultural reserve museum, during the meeting with the deputy director of the museum "Tanbaly" Almas Sarbasov, discussed issues of close connection in museum business, there was an exchange of views on professional development of the employees, in development of museum fund, in joint excavation and researches, and in use of modern information technologies. In turn Almas Sarbasov told that people who will work together in the future will actively participate in development of the relations between the museums and will open the second breath of cooperation.


Олжас Болатбекұлы, 

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы