Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Баласын бала-бақшаға беретін ата-аналарға бірнеше кеңес

Баласын бала-бақшаға беретін ата-аналарға бірнеше кеңес

Баласын бала-бақшаға беретін ата-аналарға бірнеше кеңес

Ұлымыз, Баянғазыны, мемлекеттік бала-бақшаға бердік. Кеше бірінші рет ата-аналар жиналысына қатыстым. Өзіме көп пайдалы мағлұмат алдым. Сіздермен жиналыста естіген ата-аналар жиі жіберетін қателіктермен бөліскім келіп отыр.

1. Балаға ойыншық беріп жіберу. Балалардың көпшілігі таңертең ұйқысы қанбай, үйден шыққысы келмей жылайтыны анық. Сіздің асығыстығыңызды пайдаланып, бала бар еркелігін көрсетеді. Үйден шығарда машинасын ұстап алады, оны тастамайтынын айтып жылайды, жерге жатып алады. Бала жыламас үшін және жылдам шығу үшін ата-ана баланың айтқанына көнеді. Баланы машинасымен бірге бала-бақшаға тастап кетеді. Өз машинасымен келген бала "эгоист" болады, жаңа ойыншықты көрген барлық бала соның қолыңдағы машинаға жармаса түседі. Ол бермейтінін айтып жылайды, басқасы бермейді деп жылайды. Бір-бірін машинамен ұрып қалып та жатады. Бұл тәрбиешілерге қосымша жұмыс қосып береді.

2. Балаға тамақ беріп жіберу. Ата-аналардың көпшілігі баланың қолына тамақ ұстатып жібереді екен. Оның себебі тағы жылағанын басу үшін болуы мүмкін немесе қарны ашып қалады деп уайымдауы мүмкін. Егер бала үйден шыққанда қолына бауырсақ немесе басқа бірдеңе ұстап шықса, оны бала-бақшаға кірерде тауысқанына көз жеткізіңіз немесе баладан алып алыңыз. Әрине, бала үйден ештеңе алып шықпағаны дұрыс, себебі бала-бақшада таңғы ас беріледі. Ойыншыққа секілді бала қолындағы тамаққа да басқа балалар жармаса түседі.

3. Баланың күрткесінің қалтасына тәтті қалдыру. Кей ата-аналар баланың күрткесінің қалтасына кәмпит, "чупа-чупс" және т.б тәттілер салып кетеді екен. Бала бақшада жылдың барлық мерзімінде баланы далаға ойнауға шығарады. Сол кезде олар сыртқы киімдерін кигенде қалтасындағы тәттіні көреді. Оны кейде қолдарынан түсіріп алады, кейде бір жерге қойып, қайта көтереді. Сол ластанған тәттіге барлық бала таласып, бір реттен ауыздарына салып шығады.

4. Баласын далаға шығармауды айтып кету. Балалар далаға шыққанда бөлме босағандықтан, терезелерді ашып, бір желдетіп алып, содан соң кварц қосады екен. Ал кей ата-аналар баласының даладан ауырып қалатынын айтып, сыртқа шығармауды сұрайды екен. Бөлмеде бір-екі бала шықпай қалса, біріншіден, бөлме желдетілмей қалады, екіншіден оларға қарайтын тағы бір тәрбиеші керек. Ата-ана баласының далада ойнағаннан иммунитеті көтерілетіндігін түсіну керек.

Бала-бақша меңгерушісі ата-аналарға жылы лебіз жолдауда

5. Ата-ананың амандаспауы. Бала – ата-анасының айнасы. Ол ата-ананың іс-әрекетінен үлгі алады. Бала бақшадағы тек тәрбиешілер ғана емес, барлық жұмысшылар біздің балаларымызға қызмет етуде. Медбике, аула сыпырушы, еден жуушы, әдіскер, психолог, аспазшы және т.б жұмысшылардың бәріне құрметпен қарай білу керек. Ата-аналардың көпшілігі жұмысқа асығып бара жатқандықтан, жүгіріп бала-бақшаға кіріп, баласын тастап, жылдам жүгіріп шығып кетеді. Жолында кездескен адамдармен амандаса бермейді. Бала-бақшаға кіргеннен күлімдеп, айналасына сәлем беріп, жақсы көңіл күймен жүрсе, бала соның бәріне мән береді. Ол солай істеудің дұрыс екендігін түсінеді.

6. Ата-ананың тәрбиешімен дөрекі сөйлесуі. Мемлекеттік бала-бақшаларда бір топта 30 балаға дейін болады. 30 балаға 2 тәрбиеші, 1 күтуші береді. Қалай десек те, 30 балаға тек 3 адамның қарауы қиын. Сондықтан түрлі жағдай болады, кейде бала жүгіріп жүріп құлап қалады, кейде бір-бірінің бетін тырнап, бір-бірін тістеп алып жатады. Оны үйге барғасын көрген ата-ана ашуланып, ертеңгісін тәрбиешіге баланың көзінше дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеседі. Ал бала үшін өмірдегі ең жақын адамы – ол анасы. Бұл жағдайда баланың ойына не келеді: "бұл апай менің анамды ренжітті, бұл апай – жаман". Содан соң бала мен тәрбиеші арасында қиындықтар туады. Сондықтан қанша ашумен келсеңіз де, бірінші күлімдеп баланы кіргізіп жіберіп, кейін тәрбиешімен оңашада сөйлесуге тырысыңыз.

Ата-аналардың бір-бірлеріне тілек айту сәтінен

7. Баланың ауруын бірден бала-бақшадан көру. Бала-бақшада тамақты нақты кесте бойынша береді. Баланың ағзасына жақпауы мүмкін тамақтар берілмейді. Егер үйге барғанда баланың іші өтіп, құсып бастаса, бірінші басқа ата-аналардан (whatsapp-тағы чаттан) олардың балаларының жағдайын сұраңыз. Бала-бақша бойынша, тек 1 бала сондағы тамақтан улануы мүмкін емес. Егер басқа балалар сау болса, өзіңіздің не бергеніңізді ойланыңыз. Ата-ана бала-бақшадан баласын алып шыққанда жолда түрлі тамақтарға кезігеді. Мысалы, пирожки немесе жеміс-жидектер сатып тұрады. Бала жылағасын, ата-ана алып бере салады. Бала қазір жеймін деп жыласа, жумай, сыртын қолымен сүртіп те бере салады. Міне, даланың тамағы, жуылмай берілген жеміс-жидек баланың іш өтуіне алып келеді.

8. Ата-ананың балаға сұрақты дұрыс қоймауы. Ата-ананың көпшілігі баласын үйге апара жатқанда, жолда былай деп сұрайды: "Апай ұрысты ма?", "Апай ұрды ма?", "Бүгін апайың не үйретті?" "Саматпен дос болма, ол тентек сияқты" және т.б. Негативті ойламай, мұндай сұрақтардың орнына былай сұраған жөн: "Бүгін не үйрендің?", "Апайды ренжітпедің бе?", "Қандай ойындар ойнадыңдар?", "Қандай ән жаттадың" және т.б.

9. Бала-бақшаға кешігіп келу. Мысалы, біздің бала-бақшада 8:30-да бала сонда болу керек. Алдымен, таңертең әнұран айтылады, содан соң таңғы ас, содан кейін балалармен сабақ басталады. Баласын кешіктіріп әкелген ата-ана оған тамақ бере салуын өтініп сұрайды. Тәрбиеші басқа баллармен сабақ өтіп жатқанда, күтуші кешігіп келген балаға тамақ береді. Жаңа ғана тамақ жеп алса да, балалардың көзі тамақта болады. Яғни, біріншіден, балалардың көңілі бөлінеді, екіншіден режим бұзылады. Сондықтан, бала-бақшаның тәртібін сыйлап, кешікпеуге тырысу керек.

Бала бақшаға баланың "екінші үйіне" секілді қарау керек. Басымыздағы ой жүзеге асатындығын білеміз. Сондықтан баланы бала-бақшаға беремін деп шешім қабылдасаңыз, оны кешке дейін сеніммен, жақсы көңіл күймен қалдыруға тырысыңыз. Бала анасының энергетикасын, көңіл күйін әрқашан сезетінін ұмытпаңыз.

Сурет: unsplash.com

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 қаңтар, 15:01
Тегтер: бала, бала тәрбиесі, бала-бақша

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.