ҚазҰУ-дың «КЕРЕМЕТІ»

ҚазҰУ-дың «КЕРЕМЕТІ»
жеке
блог

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы - Әл-Фараби университетіндегі «ақылды қала» қағидаты бойынша оқу, медициналық, заңдық, қаржылық және мәдени-ойын-сауық қызметтерін көрсететін студенттерге арналған жастар ресурстық орталық.

«Кереметтің» инфрақұрылымы 7300 ш.м. Орталық 8 павильонан, 5 сектордан және бөлімшеден тұрады. Бұл кешен - студенттердің барлық жағдайын қамтамасыз ететін әмбебап кешен. Еуропалық дизайндағы «Керемет» орталығы көп функциялы секторлардың бірі «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда студенттер мен оқытушыларға арналған студенттік бөлім, халықаралық бөлім, тіркеушілер кеңсесі, паспорттық офис және қаржылық қызмет кеңселері қызмет көрсетеді.

Бұл орталық Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері мен оқытушылары медициналық тексеруден өту үшін салынған. Сонымен қатар, «Керемет» орталық - Әл-Фараби Қазақстан-Корей халықаралық диагностикалық орталық. Дәрігерлер жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, уролог, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог, кардиолог, ревматолог-ортопед бөлімдері бойынша қызмет көрсетеді.
Университетті бітіргеннен кейін студенттер DSP Keremet-тің әкімшілік, әлеуметтік және отандық секторларының жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау таба алады. Жұмыспен қамтудан басқа әкімшілік, әлеуметтік сала, банктер, нотариус, адвокат, туристік компаниялар, әуе және теміржол билеттері ұсынылады.
Орталықта жастар саясатына ерекше назар аударылып, жастар секторындағы студенттік қоғамдық ұйымдар біріктірілді. Бос уақытында студенттер саудалық және ойын-сауық саласында кинотеатр, кафе, кітап дүкені, супермаркет, фото студия, фаст-фуд, сұлулық салоны, киімді химиялық тазалау сияқты қызметтерге қол жеткізе алады.
Сондай-ақ, Кереметте студенттер мен кеңсе қызметкерлері үшін қызмет сапасы өте тиімді супермаркет орналасқан. Бұл супермаркеттен нан өнімдерін, кондитерлік өнімдер, жеміс, көкөніс өнімдерін, ет-сүт өнімдерін, түрлі сусындар мен тұрмыстық тауарларды қолжетімді бағада ала аласыз. ҚазҰУ студенттерінің басым көпшілігі осы «Керемет» супермаркетінің өнімдерін тұтынғанды жөн көреді.
Керемет DSP-де 20 000 студент және 5000 оқытушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қажетті ақпаратты, түрлі қызметтерді ала алады және бос уақыттарын жайлы әрі пайдалы өткізугуге мүмкіндіктері мол. Біздің интеллектуалды қаламыздағы өмір - «Әл-Фараби университетінің ақылды қаласы» секілді керемет орталықтармен жарқын әрі жайлы болсын!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шет тілдер кафедрасының доценті

Айсұлтанова Қ.А.