Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті

Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті
жеке
блог

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алла разылығы үшін ауыз бекіткен жандардың оразасы,  еткен ниеттері, тілеген дұға тілектері қабыл болсын!

Бала кезден бері ауылдың қарттары мен орта буын өкілдерінің сəресін ішіп, ауыз бекіткенін көріп, ауыз ашарға əжемнің етегіне жабысып барып, осы қасиетті айдағы барлық сый-сыйапатты көріп өстім. Айй, айтарға сөз жоқ еді-ау! Рамазан айы жақындағаннан дайындық басталатын. Ораза айт кезінде малын сойып, нанын таратып, құранын оқытатын. Содан сəресіне ертесімен тұрып,ниет етіп ауыз бекітетін. Кешке жарыса көрші-көлем бір-бірінің үйіне ауыз ашарға шақыратын. Мəре-сəре ауылдың сол кездегі көріністері көз алдымда əлі бəз-баяғы қалпы. Əжеммен бірге сəресіне тұрып, ауыз ашарға шейін қасынан шықпайтынмын. Өзім оразаның не екенін білмесемде əйтеуір змірге мəз боп жүретінмін. Бізге ол кезде Рамазан ба, ораза ма бəрі де той сияқты көрінетін. Міне, ес білгелі намазын уақытылы оқып, құранын бағыштап, дұғасын тілеп, оразасын естен шығармайтын осындай ауылда өскесін менде де ораза жайлы түсінік ерекше қалыптасқан. Өзім 2016 жылғы Ережеп айының оразасынан бастап, биссимиллə деп ораза ұстадым. Биылда тура бүгін ауыз бекіттім, Алла разылығы үшін! Бұл ауылдағы санама сіңген көрініс, ал қалада ше? Қазір қалада тұрамыз. Ораза айтта құран оқытып, нанын таратып, ертеден кеш дайындалатын көрші жоқ. Ауыз ашар жасасақ , əйтеуір, саусақпен санаулық  ауыз бекіткен 2-3 адам келеді. Неге, соншама аз? Қасиетті айда сауап жинап, жақсылық жасауға асығатын жандар неге аз? Əрине, көпке топырақ шашпаймын, бірақ жаныма батптыны осы. Алла пенделеріне сұрағанын беріп, дендерін сау етіп, 12 ай ас-суға тарықтырмай, көйлегін көк, тамағын тоқ еткенде бір айын Алланың разылығы үшін қия алмайма?! Əр нəрсенің өз өтеуі бар. Жасың болсын, кəрің болсын, жағдайы келсе ораза тұтқаны абзал болар еді. Жылдан жылға ауыз бекітетін жандардың саны азайып, Рамазан айын тойлауды ұмытпасақ екен. Мені толғандыратыны осы!

Иə, Раббым! Сенің разылығыңа ұсталған əрбір ораза иесінің ниетін қабыл ет!  Қасиетті айда жамандықты тұсап, жүректерге тек жақсылық нұрын сыйлай гөр!