«Королева» сұлулық пен талант байқауы

«Королева» сұлулық пен талант байқауы
жеке
блог

18 мамыр күні «Amure» мейрамханасында «Королева» сұлулық пен талант байқауы өтті. Қазақстанның түкпір түкпірінен келген 15 сұлу сайыста бақ сынады.

5 жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқауда топ жарған қыздар «Х-фактор», «Голос» және басқа музыка байқауларына қатысып, бүгінде әр түрлі топтарда ән салады. Жыл сайын өткізілетін байқауға қатысушылардың барлығы сұлу ғана емес, сондай-ақ, дарынды болу керек.

Сайыста сұлу қыздар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ал 15 қыздың арасынан топ жарып, Ирина Шегай байқауда жеңіске жетті. Ол «Ленинград» тобының «На лабутенах» әнін орындады. Жеңімпаз Түркиядағы «MardanPalace» қонақүйіне жолдама мен «MUZZONE» телеарнасында бір айлық ротация ұтып алды.