Қиындықтарды жеңе біл

Қиындықтарды жеңе біл
жеке
блог

  Өмір атты теңізде ащысы да, тұщысы да қатар жүреді. Ащысы деп отырғанымыз-қиындықтар, тұщысы-қуанышты сәттер. Мағжан атамыз айтқандай, адам-толқын тәрізді. Өмір теңізінде жарға да соғылады, түрлі өткелдерден де өтеді. Әйтсе де, күшін жоймай, өз арнасын тапқысы келетіндер баршылық. Ол үшін:

Біріншіден, армандай білу қажет. Арман жолында кезіккен түрлі кедергілерден сүрінбей ,арманға қол жеткізе біл.

Екіншіден, адал бол. Адал іс әрқашан жүзеге асады.

Үшіншіден, уайымға берілме. Абай ата "Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме" деген. Тек одан шығу жолын ойластыр

Төртіншіден, сабырлы бол. Бір істі бастамас бұрын пайдасын, зиянын бүге-шүге ойлану керек.Содан кейін ғана нақты шешім қабылда.

Бесіншіден, дос таңдай біл. Әуелі, өзіңше түрлі сыннан өткіз. Нәтижесінен кейін оны досым деп қабылда.

  Ең бастысы адамдығың мен адалдығың болса, түрлі дауылдарға қарсы тұра аласың. Өмірден өз орныңды табасың. Жеңіске де жетесің...