Ақтауда қыздар тәрбиесіне бағытталған жиын өтті.

Ақтауда қыздар тәрбиесіне бағытталған жиын өтті.
жеке
блог

      

  «Қыз жолы» жобасы аясында «Бекен» жас көшбасшылар достастығы мен «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Қыз жолы» қыздар конгрессі өтті.

        Мақсаты:  қыздар арасында әлеуметтік мәселелерді талқылау, жасөспірімдер арасында неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар, мектеп бітіруші қыздарға кәсіптік бағыт – бағдар беру.

         Аталған жиынға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрдәулетов Аманғали Сүлейменұлы өз кезегінде жастар саясатында жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар туралы ақпарат беріп өтсе, МО білім басқармасының өкілі Төремұрат Алма Бекқызы мектептегі қыздар тәрбиесі жайында сөз қозғады. Қыздар тәрбиесінде қоғамның рөлі жайында пікір білдірген «Жастар жетістіктері» ҚҚ директоры Жақсыгүл Шахзадақызы қоғамды түйіткілді мәселелерді атап айтты. Аналық ілтипатпен, қыз қадірі жайында сөз қозғаған Айнұр Асқарқызының пікірі қатысушыларды ойландырмай қоймады.  

        

  «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Бекманова Райхан Абдуллақызы өз кезегінде отбасы және неке мәселері, қыздар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы тұшымды пікірін білдірді.

Шараның екінші бөлімінде жиынға қатысушыларға жетістік кұпиясымен бөлісу мақсатында Н.Жантөрин атындағы музыкалық – драма театрының әртісі Ходжахмедова Жазира Мұхтарқызы сөз алса, кәсіптік бағыт – бағдар беру бойынша ақтаулық танымал дизайнер Амирова Гаухар Оңайбайқызы сөз сөйледі.

«Бекен» жас көшбасшылар достастығының директоры, жоба авторы Мұқаш Бекенұлы: «Бұл жоба арқылы, қыздарымызға өмірлік және кәсіптік бағыт – бағдар бергіміз келеді. Олардың өмір жолын ақ, қауіпсіз етуді көздейтін аталған жоба жыл бойы жүзеге асатын болады.»  - деп түйіндеді.

Шараға қатысқан 9 сынып оқушылары жиын соңында спикерлерге сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.