Жастардың рухын көтерген - рухани кеш.

Жастардың рухын көтерген - рухани кеш.
жеке
блог
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы бірлесе, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деген сөзін негізге ала отырып, ҚР мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай «Көк тудың желбірегені» атты жаңа жобаны бастады. Аталмыш жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Ибрагим Ескендірдің концерті өткізілуде.
Жобаның басты мақсаты-жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас таланттардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал жасау, өскелең ұрпаққа мәдени және рухани тәрбие беру.
Концерт Ақтау қаласында 10 мамыр күні М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында өтті. Шараға 400-ге жуық жастар, мектеп оқушылары, әскерлер және ЖасОтандықтар қатысты. Шақырылған арнайы қонақтардың ішінде "Нұр Отан" партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Тумышев Нұри Назарұлы, Ақтау қаласының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы, Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Тұржанова Айжақсы, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрдаулетов Аманғали Сүлейменұлы, Қазақстандың жас патриоттар академиясының авторы, "Құрмет" орденінің иегері, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының патриоттар академиясының жетекшісі Битуова Ділдәш Рысқұлбекқызы және қоғам қайраткерлері қатысты. Концертте жергілікті өнерпаздар, мүмкіндігі шектеулі балалар, домбырашы, күйші оқушылар, танымал рэп орындаушысы Өтешов Аманкелді өнер көрсетті. Патриоттық кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
#Руханижаңғыру #Концерт #ЖасОтан #Балдәурен #Маңғыстаужастары