КАРПИНИ КӨРГЕН, МАКДИСИ МӘЛІМ ЕТКЕН ХОРЕЗМ

КАРПИНИ КӨРГЕН, МАКДИСИ МӘЛІМ ЕТКЕН ХОРЕЗМ
жеке
блог

Алтын Орда территориясы Дешті Қыпшақ, Хорезм, Еділ бұлғарлары, Солтүстік Кавказ және Қырымның отырықты шаруашылыққа қолайлы жерлерін қамтыды. Аталған жерлер моңғол қалаларынан кейінгі, озық шаруалылық салалары мен мәдениет пен сауда өркен жайған болатын. Ұлы жібек жолының Хорезм арқылы тармақтарында Үргеніш (Гургандж), Кят, Миздахкан, Хиуа, Шемахақала секілді ірі сауда қалалары болды. Бұл қалалар сауда мен қолөнер кәсібі орталықтары болып саналып, әр қаланың халықаралық және қалааралық өзіндік маңызды орын алды.

Әл Макдиси өз деректерінде Хорезмнен тасымалданатын 42 тауардың оның ішінде 27-і Еділ бұлғарларынан әкелінетін әртүрлі ассортимент тізімін көрсеткен. Кейінірек Алтын Орда кезеңі туралы, оның ішінде Үргеніш (Гургандж - Хорезмнің астанасы 995-1603 жж) қаласының халықаралық маңызы жөнінде Ф.Б.Пеголотти (1342 ж.), Ибн Арабшах (1389-1450), және шираздық көпес Шамсуддин Мұхаммед Ходжа (1438 ж.) жазды. Арбашах былай келтіреді: Хорезмнен шыққан сауда керуендері еш қауіпсіз Қырымға дейін емін-еркін баратын, ол өз кезегінде 3 ай уақыт алады.

Тарихи дереккөздер мен археологиялық зерттеулер көрсеткендей Хорезмнің Үргеніш қаласы арқылы өткен сауда жол тармағы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін созылып жатты. Соңғы бағыттар Хорезмді Хазарин (Итиль), Еділ бұлғарлары (Биляр, Бұлғар), Алтын Орда (Аштархань, Сарай), Русь (Мәскеу, Новгород Великий), Кавказ (Маджар) және Солтүстік Қаратеңіз жағалауы (Судак, Азак, Кафа) қалаларымен байланыстырды. Одан соң Солтүстік Қаратеңіз жағалауы Византияға (Константинополь), италиялық республикаларға (Генуя,Флоренция) жол тартты. Осы аталған сауда жолында ортағасырларда негізінен болгар, орыс, батыс еуропалықтар мен хорезмдік көпестер саудаларын қыздырды. Тоғыз жолдың торабы Тана-Сарай-Үстірт-Үргеніш-Отырар-Алмалық одан әрі Қытай болды.

Алтын Орда дәуірінде осы аталған жол тіршіліктің қызып тұрған күретамыры саналды. Бұл жолмен небір атақты саяхатшылар, ислам, христиан басқа да дін салаларын уағыздаушылар жүріп өтті, атап айтқанда Плано Карпини (1246 ж.), Вильгельм де Рубрук (1252 ж.), ағайынды Пикколо және Маффео Поло (1260 ж.), Ибн Баттута (1333 ж.), Эломазин (1336 ж.), Дж. Мариньолли, испандық Пасхали (1338 ж.) Антонио Дженкинсон (1558 ж.) және тағы басқа. 

Толығырақ