Пайдалы сайттар тізімі.

Пайдалы сайттар тізімі.
жеке
блог

Қазақ тілін дамыту, қолдану аясын кеңейту үшін әртүрлі мемлекет деңгейінде шаралар атқарылуда. Қазір насихаттың ортасы ғаламторда десем қателеспеспін. Ғаламторды қазір екінің бірі қолданады. Қолжетімді әрі ыңғайлы жүйе-өмірдің ажырамас бөлігіне айналып кеткені жасырын емес. Ендеше, ғаламторда да қазақ тілді материалдар санын көбейту қазақ тіліндегі ақпараттың таралуына жол ашары сөзсіз. Дегенмен, жазған осы екен деп, кез келген дүниені жариялай беру қателік. Тек қажет ақпарат пен керек мәліметтер жарияланатын пайдалы сайттар қатары өссе. Сондай сайттардың тізімі жуырда http://bilim-all.kz/article/1791-Qazaqtildi-paidaly-saittardyn-tizimi сайтында жарияланыпты. Өте жақсы тізім. Ендеше сол сайттар тізімін Массагет оқырмандарына да ұсынсам деп едім. Таныс болыңыздар.....

Қазақтілді пайдалы сайттардың тізімі:

лQamshy.kz – «Қамшы» ақпараттық агенттігі

Аудитория: Үш әліпбиде(латын, крилл, төте) әлем қазақтарына ақпарат таратады.

Айдарлар: Экономика, көш, тарих, саясат, әлеумет, өнер, денсаулық.

 

Massaget.kz  – танымдық, ойын-сауық порталы қазақтілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатымен және қазақ, орыс тілін меңгерген не қазақ тілін үйреніп жүрген қолданушылар үшін жұмыс істейді.

 

«Мемлекеттік  тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған. Негізгі қызметі :
– Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу, лингвистикалық кеңестер беру;
– Жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын курстар ұйымдастыру;
– Тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін, аудармамен айналысатын мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізу, курстарды сәтті аяқтағандарға сертификаттар беру.
  

 

«Балалар әлемі» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шешендік өнер мен даналық сөздер, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегілер мен ғибратты оқиғалар, ғылым және қызықты жануарлар әлемі, денсаулық, спорт, жеміс-жидектер мен жаңа заман технологиясынан шағын ақпараттар, қолөнер жұмыстарын жасауды үйрету, қалалар мен дүние жүзіне саяхат, әзілдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, әр түрлі сөзжұмбақтар тұрақты жарияланады.Жазылу индексі : 74722

 

«Егемен Қазақстан» газеті

 

КерекИнфо - әлеуметтік желілердің блогтарға негізделген түрі. Ақпараттық порталдың құрамдас бөліктері: блогтар, қауымдастықтар, пікірлер.
Сізге тіркелгенен кейін берілетін мүмкіндіктер:
- Мақалаларға пікір жазу - Қауымдастықтарға қосылу - Блог бастау - Блогқа мақала жазу - Сауалнама бастау - Сілтеме бөлісу - Мақала, блог, қолданушы рейтингтеріне баға беру.

 

Киностан.kz — кино әлеміндегі жаңалықтармен, ақпараттармен, деректермен бөлісетін қазақ тілді ресурс.
Сайт командасы қолданушыларға кино саласында болып жатқан түрлі ақпарлармен, мәліметтермен бөлісуді мақсат етеді.
Ресурста отандық және әлемдік киноға қатысты жаңалықтар, мамандармен сұхбаттар жарияланады, түрлі бағыттағы мақалалар жарық көреді. Республикаға келіп жатқан жаңа фильмдердің трейлерлері беріліп, таныстырылады, олардың көрсетілім кестесі беріледі, шолу-рецензиялар жазылады.
Сайтта фильмдерді бағалау арқылы тізімдегі кино өнімдерінің рейтингі құрылады. Осы арқылы танымал фильмдерді кеңінен насихаттап, қолданушылардың белсенділігін арттыру көзделген.
Премьералардан фото-, видео репортаждар ұйымдастырылып тұрады. 

 

islamdini.kz - Ислам діні жайлы тек Әһли сүннет (төрт хақ мазһаб) ақидасы бойынша мәлімет беретін сүннит сайт.

 

asmaziri.kz - тағамдарың дәмді мәзірлері.

 

Сұрақ-Жауап сайты – түрлі тақырыпта сұрақ қойып және ол сұрақтарға жауап алу мақсатында қазақ тілді интернет қолданушылар үшін 2010 жылы 10 қазан айында (10.10.2010 ж.) ашылды.

 

baq.kz - жаңалықтар сайты

 

sanaq.kz - қазақ сайттарының рейтингі

 

namaztimes.kz - Қазақстан қалаларының намаз уақыттары

 

«Жас Өркен» танымдық порталы

 

Вlogtime.kz қазақ интернетіндегі байланыс құралы.

 

www.it-tirlik.kz – Жаңа технология туралы ақпараттық-танымдық журнал

 

www.qazaquni.kz - ұлттық портал