Стресстің суретке қандай қатысы бар?

Стресстің суретке қандай қатысы бар?
жеке
блог

Күйзеліс қазір ешкімге таңсық емес. Бірақ, ол әркімге әрқалай әсер етеді. Біреулер күйзеліс кезінде ашушаң, енді біреулер тез шаршап, ұйқы басып, ешнәрсеге құлқы болмай қалады. Осы орайда шағын тестке назар аударыңыз. төменде берілген суретке қарап, көп ойланбай жауап беріңіз. 

Кім бәрінен ақымақ?

кім ақымақ?

1-ді таңдасаңыз, сіз қызба мінезді, тез ашуға берілесіз. Өз ерекшелігіңізді білесіз және бірегейлігіңізді бағалайсыз. Көңіліңізге жақпаған нәрсені айта бергіңіз келмейді.Бірақ, уақыты келгенде бәрін бірден айтып саласыз. Бұл қасиет достарыңыздың арасында түсінішпеушілік тудыруы мүмкін. Сол себептен, ішіңізде ұзақ сақтамай, әр нәрсені өз уақытында айтып отырыңыз. Әйтпесе, үлкен күйзеліс пен жүйкеңізге әсер етуі мүмкін.

2-суретті таңдасаңыз, сіз ақкөңіл, тым ашық жансыз. Бөтен адамдармен тез тіл табысып, ашылып әңгіме айта аласыз. Позитивті адамсыз. Өзіңізге де, жақындарыңызға да бұл қасиетіңіз ұнайды. Дегенмен, кейде айтқан сөздеріңізге өкініп қаласыз. Сіздің көзқарасаңыз өзгелерге ұнайды, дегенмен, тым ақкөңіл болудың қажеті жоқ. Әрнәрсенің шегін белгілей біліңіз. 

3-сурет. Сіз ұялшақ, немесе өз ойыңызды ашық айта бермейсіз. Өз пікіріңіз бен эмоцияңызды іште сақтап қалғанды жөн көресіз. Жанжал мен келіспеушіліктерден алыс жүруге тырысасыз. Өзіңізге артық көңіл бөлгенді ұнатпайсыз. Сізге өз ойыңыз бен сезімдеріңізді ашық айтып үйренген жөн. 

4-суретті таңдаған жандар өз әрекетін бақылауда ұстай алмайды. Тым көңілді, кейде тым жабырқау болып жүретіңіз содан. Жаңа адамдармен танысуды, ұзақ әңгіме айтуды ұнатпайсыз. Көбінесе, белгіленген кездесулер мен танысулардан қашып жүресіз. Бұл қасиет кері әсер етуі де мүмкін. сондықтан, тәуелкелден қоықпағаныңыз жөн. Жақындарыңызбен достарыңыздың сөзіне құлақ асып, өз эмоцияңызды қадағалағаныңыз жөн.

 

Бұл арқылы сіз, күйзеліс пен шаршаңқылық, өз-өзіңізге сенімсіз болудың себебін анықтай алдыңыз. Өзіңізге сеніп, әрдайым күліп жүріңіз.