Жұманың қасиеті

Жұманың қасиеті
жеке
блог

Адамзат тарихындағы ұлық, әрі маңызды оқиғалар жұма күндері болған. Бұл жайлы Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», – деп хабар береді (Муслим жеткізген).

Бұл дүниедегi әрбiр нәрсенiң жақсылық қасиеттерi болатыны сияқты, жұма күнiнiң де Алла Тағаланың жасырып қойған қасиеттерi бар. Яғни, Алла Тағала қайсы пендем осы жасырын сырға жетсе, ол үшiн ұлық нығметтерiмнен берер едiм деп тұрғандай.

Жұма күнiнiң қасиеттерi жайындағы хабарлардың бiрiнде: «Алла Тағала әр жұмада алты жүз мың адамды тозақтан босатады»,– деп айтылады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистердің бірінде:

«Кiмде-кiм жұма күнi немесе жұма түнiнде дүние салса, Алла Тағала оған шәһидтiң сауабын жазады және қабiр сынағынан сақтайды»,– дейді («Дуррат ән-насихин» кітабы).

Жұма күнiнiң мархаматын, сауабын iздемеген кiсi көп жақсылықтан мақрұм қалады. Жүрегі қатып, мейір-шапағат пен қайырымдылық сияқты ізгіліктер өшеді. Соңында иманына қауіп төніп, жападан жалғыз қалып, бейшара күйге түседі. Шайтан мен нәпсі үлкен, әрі қауіпті сынақтар арқылы мұсылмандардың иман саламаттығына көп зиян келтіреді.

Жұма намаз оқитын мұсыл-мандары көп болған қоғамда жақсылық та мол болады. Жұма намаз оқымайтын мұсылмандар көбейген ортаға әртүрлі жамандықтар мен қиыншылық тез көбейе бастайды