Өлең.

Өлең.
жеке
блог

Қайда бара жатыр мына қоғам
Қолға қалам алым,іштей бұғам
Еркегін де,әйелін ажырата алмай
Қолды сілтеп,"санасыз-ау"дерміз оған.
Ақырын ойламаған жастары да
Сәбилерін шырылдатып тастады да,
Әр қуысқа лақтырып бөбектерін
Мұқтаждарға көрсетпейді көмектерін.
Ес білгелі ұстағаны жас баланың
Жарты алмалы смартфон "айфон"екен
Бекімеген буыны жас сананың
Ендігі білмейтіні бар ма екен?
Ақсақалын абзал сыйламайтын
Ақ батасын қарттардың жинамайтын
Санасыз ұрпақ ендігі қайда бармақ?!
Ғаламтордан өзге ештеңе ойламайтын
Үлкендері танытпаса парасатын
Көбейе бермек ұрпақ осы адасатын
Абайын тұрмақ,Құдайын танымас адамдар
Болашаққа жасамақ қандай қадамдар!?