Сіз бір күнде қанша мөлшерде су ішесіз?

Сіз бір күнде қанша мөлшерде су ішесіз?
жеке
блог

     Денеде судың жетіспеушілігі адам ағзасы үшін өте қауіпті. Өйткені, қанның 83%, бұлшықеттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% - судан тұрады! Бас сақинасы, көз ауруы, буындардың ауыруы -  сусызданудың салдары болып табылады. Небәрі үш стақан су бұл ауыртпалықтарды жояды.

     Дені сау адам тәулігіне 1,5-2 л су ішуі абзал. 70 кг салмақты кісіге күніне кем дегенде 1,5 л су ішу қажет. Егер сіз суды қажетті мөлшерге жеткізбей, әлде одан көп ішетін болсаңыз - ағзаға зияны келуі мүмкін. Сусыздану - суды аз көлемде ішуден пайда болады.

     Сонымен, дененің температурасын тұрақтандыратын, тері жасушаларын ылғалдандырып, әр беретін, ас қорытуды жақсартып, мидың қалыпты қызмет етуіне ықпал ететін суды көбірек ішейік бауырлар! Бірақ есіңізде болсын, жылу су салқын судан пайдалырақ. Оның себебі, салқын су қан айналымын баяулатады. Өз мөлшерінде - бәрі де пайдалы!