Ал сізге қандай көзілдіріктер ұнайды?

Ал сізге қандай көзілдіріктер ұнайды?
жеке
блог

Бүгін біз күн көзінен қорғайтын сәнді аксессуарды қалай таңдау керектігі жайында сөз қозғаймыз.

Жазда ультрафиолеттен тек теріні емес, көзді де қорғау керек. Себебі белгілі бір диапазонға әсер ететін ультрафиолет фотокератит атты ауруға апарып соғуы мүмкін. Фотокератит дегеніміз – көз торының күйіп қалуы. Ол өз кезегінде көздің көрмей қалуына апарып соғуы мүмкін. Сондықтан көзілдірік таңдауда линзаның сапасына да назар аудару керектігін ұмытпаңыз.

Көзілдірікті сатып алар кезде қағазын оқып, маркасына назар аударыңыз:

"Cosmetik" маркасы көзді еш қорғай алмайды, ол көбіне сәндік элемент саналады;

"General" маркасы жылы климатқа арналған, яғни қаланың ішінде ультрафиолет өткізбейді.

"High UV"-protection маркасы жақсы қорғаныш бола алады.

Омбре эффектісіндегі көзілдіріктер маусым трендіне айналды. Ол бір түстен екінші түске ауысады. Біз омбре реңкін шаш, киім сәнінде кездестіргенбіз.

Дизайнерлер қай бағытқа сілтесе, сол жаққа қарайтын сәнқойлар омбре линзалы көзілдіріктерді лезде тауып, сатып алуда.

Назарларыңызға классикалық болғанымен, сәннен кетпейтін түрлі пішіндегі көзілдіріктерді ұсынамыз:

«Вайфайер»

Бұл көзілдіріктер «трапеция» пішінінде жасалады. Мұндай көзілдірікті «Тиффанимен таңғы ас» фильмінде әйгілі Одри Хепберн тағып жүрді. Расында да әрі сәнді әрі нәзік көрінетін бұл көзілдірікті неге таңдамасқа?

«Инелік»

Атына қарап-ақ, пішінін көзге елестету оңай: үлкен әрі дөңгелек. Бұл пішіндегі көзілдіріктер бас пішіні төртбұрышты, үшбұрышты (жүрек пішінді), сопақша (ұзындау), трапеция болып келетін аруларға жарасымды.

«Мысық көз»

Бұл көзілдіріктердің үстінгі шеттері жоғарға үшкірленіп, жасалған. Бүгінде бұл көзілдірік трендте екенін бәрімізге мәлім. Мысық көз пішініндегі көзілдірік бас пішіні сопақша, дөңгелек, трапеция болып келетін қыздарға жарасады.