Анамды күтемін

Анамды күтемін
жеке
блог

Сәуір айының 8-9 күндері "Ақ Үміт" балалар үйінде көрме жәрмеңкесі болып өтті. 3 жыл бұрын ғана ашылған бұл балалар үйінде 4 пен 16 жас аралығында 39 жетім тəрбиеленуде. Жəне соңғы аптада 3 қыз бала əкелінген. 

Қазір перзенттерін асырай алмай жүрген ата-аналар көбейіп кетті. Ал өмірдің ең үлкен қатесі өз баласын жетім ету : дейді "Ақ Үміт " балалар үйінің директоры Қалинұр Болысов. 

Жәрмеңке барысында киімдер, қолөнер, тұрмыстық тауарлар жəне тағамдар қолжетімді бағада сатылымға түсті. Жəрмеңкеден жиналған қаржы бітпей қалған балалар үйінің құрылысына бөлінді.

Балалар бір-бірімен өте бауырмал. Адам жатырқаған балаларды көрмедік. Жүгіріп келіп, еркелей кетеді. сол жердегі балалармен тілдесіп көрген едік. Есімі Толғанай еді. " Толғанай сені алып кетейік пе? "деп сұрағанымызда, " жоқ, мені өзімнің мамам алып кетеді"- дейді, жас, бейкүнə сәби. Балақайлар осындай үмітпен күнелтеді. олардың Телміреген көздері сіздерден ақша, мал, дүние, мансап сұрамайды. Олар тек МЕЙІРІМ қалайды. Сенесіздер ме? 

Осындай жабырқаған жітімдердің жанына желеу боламын дейтін мұсылман бауырларға:

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар шағын ауданындағы "Ақ Үміт " балалар үйі. 

Жақсылық жасап жарысайық.