Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Неге біз осы?

Неге біз осы?

Неге біз осы?

Таныс сөз бе?  Иә, Оралхан Бөкейдің «Атау –кере» атты шығармасындағы Таған есімді кейіпкер ылғи айтатын сөз еді ғой. «Неге біз осы?» деп басталар сансыз сұрақтар қойып, лекция оқымаушы ма еді? Айтарым Таған жайы емес .

Егер осы сұрақты өзімізше жалғастырсақ ше?

Дәл осы сұрақ бойынша әлеуметтік желіде кішігірім сауалнама жүргізген болатынмын. Яғни,оқырмандардан осы сұрақты жалғастыру сұралған еді. Нәтижесінде әрбір қатысушы ерекше сұрақтар қойды., бір-бірінің сұрақтарына жауап бергендер де болды. Жауаптарға қарағанда, сұрақтар басымдау түсті.Мүмкін, жауап беруге қиын , әлде, жауапсыз сұрақтар болған болар...

Сіздере сол кезде қойылған  сұрақтардан ұсынбақшымын.Пікірге өз жауаптарыңызды қалдырсаңыздар болады.

  1. Неге біз осы, Аллаға емес, адамға жағу үшін өмір сүруге талпынамыз?
  2. Неге біз осы, қазақ болып жүріп қазақтың салт-санасы,тарихы,тілінен қашқақтаймыз? 
  3. Неге біз осы, бір жамандық үшін мың жақсылықты ұмытамыз?
  4. Неге біз осы, "екі қолға бір күрек,- деген қазақтың,-екі қолға бір телефон",-деген ұрпағы болып бара жатырмыз?
  5. Неге біз, осы, біреудің пікірімен өмір сүреміз?
  6. Неге біз, осы қатігезденіп, адамшылықтан безіп барамыз?
  7. Неге біз, осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап əкетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз??
  8. Неге біз осы, кінәні өзгелерден іздейміз? 
  9. Неге біз осы, адами құндылықтардан айырылып бара жатырмыз?
  10. Неге біз осы, сабырсыз болып барамыз, ә дегенге мә деуге асығып тұрамыз,мақтағанға құмармыз?

Менің тарапымнан бір сұрақ...

«Апта күндерін шатастырып алған бір жігіт дүйсенбі күні инстаға «Жұма мүбәрәк болсын!» деп сурет салып қойыпты»  Бұл жақында жайдарман сахнасында оқылған әзіл болатын.Әзіл болса да, айтары бардай, яғни...  «Неге біз осы шынайы өмірден гөрі виртуалды әлемде имандымыз(немесе тек виртуалды әлемде ғана) ? деген сұрақ. Иә, қазір Алланың алдында емес, адамдардың алдында иманды болып көрінгенді ойлайтын адамдар бар .Көпшілік жастар осылай өмір сүруде. Тіпі жұма сайын мешітке барып дұға етпесе де, апта сайын бір-біріне «Жұма мүбәрәк болсын!»-ды жолдаудан жаңылмайды.Айт болсын, ораза болсын осы жағдай...

Тек ол ғана емес, осы әлеуметтік желілердің әсерінен жұртпен шынайы қарым-қатынас жасаудан қалғандарды да естіп жүрміз ғой.

Ғылыми техниканың дамыған заманында туған-туыс, жақын-жуық, дос-жарандарды құттықтауға немесе әлгіндей «қабыл болсындарды» айтуға ыңғайлысы да оңайы да әлеуметтік желі  екені даусыз. Алайда, желідегі қарым-қатынастың қай-қайсысы болмасын шынайылыққа жетпейтінін ұмытайықшы!!!

400 2
Рейтинг: +3

Автор: Happy ***
Жазылған уақыты: 14 сәуір, 01:42
Пікірлер
+0
14 сәуір, 10:13

Тақырыбына қарап, Оралхан Бөкей кейіпкерінің ("Атау кере") сұрақтарына жауап берді ме екен деп қуанып кетіп едім..)

+0
14 сәуір, 15:07

менімше өте дұрыс қазіргі қоғамдағы болып жатқан жағдай.Қонаққа барсаң әңгіме жоқ телефонға уңіліп,достарыммен кездессем телефон шеттерінен виртуальды әлем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...