Аяқ киімді қалай таңдайсыз?

Аяқ киімді қалай таңдайсыз?
жеке
блог


     Сіздер аяқ киімді қалай таңдауды білесіздер ме?
     "Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?" деген сөз бар. Сондықтан да аяқ киімді дұрыс таңдай білген абзал.
     Бастысы аяқ киім ыңғайлы болуы керек. Аяқ киім таңдағанда асығыстық танытпаңыздар. Себебі, аяғыңызды қысатынын немесе ыңғайсыз екенін бірден біле алмайсыз. Сатып алып 1-2 рет киген соң ыңғайсыздық танытып жатса, сіз оны кие алмай қаласыз. Артынан өзіңіз өкінбес үшін жақсылап таңдағаныңыз жөн.
    Аяқ киім таңдағанда 10 минуттай киіп көріңіз. Еркін жүре аласыз ба? Қыспай ма, кең емес пе? деген сұрақтарға жауап таба алуыңыз керек.
Кешкілік аяқ киімді таңдарда биіктігіне аса назар аударған жөн. егер биік өкшелі туфли кие алмасаңыз, пәстеу аяқ киім таңдауға кеңес берер едім. Оны киіп жүргенде аяғыңызды дұрыс баса алмай құлап кетіп, бір жерің майып болып қалуы мүмкін. Сонымен қоса жүрісіңе әсер етеді. Ыңғайсыз биік туфли киіп алып жұртқа қызық көрініп, өзің ыңғайсызданып қалмас үшін, қысқа өкшелі туфли киіп бастаған дұрыс.
    Спорттық аяқ киім таңдағанда жаттығу жасап, жүгіруге болатындай етіп таңдаңыздар. Қысса не болмаса кең болса, біріншіден, өзіңді босқа шаршатасың, екіншіден, жаттығу кезінде құлап қалуың әбден мүмкін.
    Ал, ең бастасы күнделікті киетін аяқ киімнің ыңғайлы болуы. Егер аяқ киімің ыңғайсыз, қысатын болса, аяғыңның сүйектері өзгеріп кетеді. Ол келесі кезекте аяқ киімдеріңнің өлшемін өзгертуге тура келтіреді. Қақсап ауыратын болады.
    Деніңіздің саулығы үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып қана қоймай, аяқ киімдеріңнің де ыңғайлы бола білуі керек.