Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Алғашқы кәсібімді аштым...

Алғашқы кәсібімді аштым...

Алғашқы кәсібімді аштым...

Мен әрдайым өзімнің жеке кәсібім болғанын армандайтынмын. Көптеген ұлы тұлғалардың бастан кешкен оқиғаларын оқыдым, мотивация алдым, бизнес тақырыбында кітаптар мәтіндер оқи бастадым. Қызметкерлерді басқарудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді түсіндім. Себебі сенің кәсібіңнің негізін қалаушысы өзің болғанымен, оны әрі қарай дамытып сенің ойыңды жүзеге асырушы командаң болады және ол командадағы қызметкерлер жұмысына адал, өзің танитын сенімді, сені жарты жолда тастап кетпейтін адам болғаны жақсы.

Start-up жобалардың ерекшелігін анықтауға тырыстым, өзімше жоспар құра бастадым. Damu.kz сайты арқылы өзімше бизнес-жоспар құрдым, әрбір жерін тиянақты қылып жасадым. Кейін бизнес-жоспарымды жыл сайынғы өтетін Бизнес жоспарлар жәрмеңкесінде қорғап шықтым. Ол жерде қаламыздың ірі жетістіктерге жеткен кәсіпкерлері мен инвесторлары қатысқан болатын. Кейін конкурс нәтижесі аяқталып, менің бизнес жобама екі инвестор қызығушылық танытып, маған қаржылай көмектесуге келісімін берді.

Шіркін, сол кездегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Жүрегім дүрсілдеп, арманыма жетуге сәл ғана қалғанын елестете бастадым. "Сенен түк шықпайды, босқа уақытыңды жоғалтпа,"-  деп айтқандарға ұялмай тура қарап жүретінімді елестеттім. Кәсібімді бастау үшін, менің жер алып ғимарат тұрғызуым керек болатын, бірақ мен соншалықты тәуекелге бармай, қаламыздың орталығында тұрған бос ғимараттың біреуін жалға алуды ойладым.

Құдай берем десе форточкадан да бере салады деген рас екен, көп күтудің қажеті болмады. 3-ақ күнде ғимарат табыла кетті, іші кең, жағдайы да жаман емес сияқты, бірақ жарты жылдай қолданыссыз бос тұрған екен. Сол ғимарат иесімен келісім шарт жасасып, ғимаратты жалдап алдым. 2 айға жуық іші-сыртына жөндеу жұмыстарын жасап, көптен күткен ашылу салтанатына да келіп жеттік. А иә, айтпақшы менің бизнес жобам "Мейрамхана ісі" болатын. Сөйтіп арманыма жеттім.  

Ашылу салтанатында мейрамханамды жарнамалау мақсатында, ішін әдемілеп безендіріп, мерекелік дастархан жайып, келушілерді тегін қарсы алып, азды-көпті шығындалған едім. Бірақ қазақ халқы өте жомарт халық қой, Орамал тон болмайды, жол болады деп өздерінің орамалдарын (сыйлықтарын) шетінен шығара бастады. Мен де бетінен қағып, тауын қайтарғанды жөн санамадым. Қонақтарға барлығы ұнап жатты, оны байқау қиын болмады.

Кейбір қонақтар келіп алдағы өтетін корпоративтерін осы мейрамханада өткізетін айтып қуантып тастады, сол бойда 50-дің шамасындағы бір ағамыз маған жақындап, мейрамхананың өте ұнағанын айтып, келесі айда баласының үйленетінін алға тартып, 250 орынға тапсырыс берді. Әрине, қуана-қуана келісіп, алғашқы тапсырыс беруші ретінде ол адамға аздаған жеңілдік болатынын айтып қуантып жатқан едім, сол кезде телефоным шырылдап, менің терең ұйқым мен әдемі түсімді үзіп тастады.

Әрине, сабаққа баратын уақыт болды. Қазір соңғы курс студентімін. 1 айлық кәсіпкерлік курсын аяқтап, көптеген тәжірибелі мамандардың кеңесін тыңдадым. Мен де қазір Жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Бұйырса оқуымды аяқтаған соң, осы көрген түсімді өңімде жасауды мақсат етіп отырмын. Армандар орындалады! Бұл жазбаның екінші атауын - "Болашақтағы мен..." деп алар едім.

948 13
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 11 сәуір, 10:20
Тегтер: бизнес, кәсіпкер, start-up, buisness, dream
Пікірлер
+1
11 сәуір, 10:49

Күшті түс екен, Армандар орындалатынына мен де сенемін.

+0
11 сәуір, 11:46

сеніңіз! міндетті түрде орындалады.

+2
11 сәуір, 11:37

Түсіңіз өңіңізге айналатынына сенім білдіремін!

+0
11 сәуір, 11:46

Менің де бұған сенімім мол

+2
11 сәуір, 11:38

Біздің Әсел "Арман-мақсатты өткен шақта айту керек, сонда орындалады" дейтін. Арманыңызға жетіңіз! Талабыңызға нұр жаусын!

+0
11 сәуір, 15:01

Айтқаныңыз келсін, рахмет!

+1
11 сәуір, 15:17

Жарайсың бауырым, арманың орындалсын. Сәттілік жолдас болсын!

+0
11 сәуір, 16:44

Рахмет, айтқаныңыз келсін.!

+1
11 сәуір, 15:37

Алғашқы екі қадам жасалды, біріншісі – армандау, екіншісі – ЖК ашу, ендеше, бағытыңыздан таймаңыз! Қолыңыздан келеді!

+0
11 сәуір, 16:42

Бұл аяқсыз қалмайтын шаруа болайын деп тұр. Рахмет айтқаныңыз келсін!

+1
28 сәуір, 20:55

Түс ішінде жүріп, түсті рең беріп, талантты талапқа айналдыру... жақсы!

+1
01 мамыр, 19:09

Бүгін мен түс көрдім. Түсімде сіз ашқан мейрамханада сүйіктіммен бірге тамақтанып отыр екенмін:)

+0
01 мамыр, 20:57

Егер шынымен де көрген болсаңыз, Бұйыртса ашылған соң арнайы сіздерді қонақ етемін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...