Вайнерлердің міндеті.

Вайнерлердің міндеті.
жеке
блог

Бүгінде вайн үлгісіндегі бейнероликтердің жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие екені белгілі. Түрлі тақырыптар бойынша түсірілетін бұл бейнематериалдар қандай да бір мәселені түсінікті етіп жеткізуге арналған. Көбінесе пародияға негізделе отырып жасалады. Әлеуметтік желіде жарияланған сәттен-ақ олардың ел ішіне тез тарап кететіні де сондықтан.

 

Vine – қазақы әрі күлкілі видео роликтер. Ал, сол видеоларды түсіретін адамдарды – вайнерлер дейді. Вайнның ұзақтығы – 2-20 минут аралығында болады.  Бүгінгі таңда жастардың арасында оған деген сұраныс жоғары.

Қазақтілді вайнерлердің саны саусақпен санарлық. Дегенмен, олардың ішінде халық арасында сұранысқа ие болып жүрген дері де жоқ емес.  Ақсұлтан Қалиев пен Заңғар Зекенов  танымал вайнерлердің бірі.

«Бұған  негізі жастардың қызығушылығы басым. Қазіргі таңда қазақ тілді вайн-видеоларға қарағанда, орыс тіліндегі вайндар танымал. Біздің  мақсат – қазақ жастарының назарын қазақ тіліндегі вайндарға аудару»,-дейдіАқсұлтан Қалиев.

Ал, әуелде вайн түсіру қалай басталғанына тоқталған Заңғар: «Көктем кезінде лас аяқ киімімізді қармен сүртіп жатқан сәтті видеоға түсіруден басталды. Ойда-жоқта басталған дүние бүгінге дейін жалғасып келеді»,- дейді.

Позитивті ойлау, көңілді болу мен зейін – бұл вайнерлерге қажетті негізгі қасиет. Ана мен бала, қыз бен жігіт және қарапайым достардың арасындағы қарым-қатынас – видео-ролик түсіруге арқау болады.

Қазқстанда ең үздік 5 вайн түсірушілер:

5-орында Нағима Ахметова 186 мың оқырман

4-орында "Безумная женщина" Нұрлан Батыров 428 мың оқырман

3-орында "Аминокка" 497 мың оқырман

2-орында "Хаха-шоу" 636 мың оқырман

1-орында "Yuframe" 2,6 млн оқырман