Димаш Қанатұлы Құдайбергенов.

Димаш Қанатұлы Құдайбергенов.
жеке
блог
Димаш Қанатұлы Құдайбергенов. 
 Аспан асты елінде елінің намысын қорғап жүрген Димаш жайлы не білеміз? Музыкалық отбасыда дүниеге келген Д Димаштың осы дәрежеге жетуіне әкесінің немесе анасының лауазымы әсер еттіме? 
 
•  Ақтөбелік дарын иесі 1994 жылы 24 мамырда туылған. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев- облыс филармониясының басшысы. Анасы Света Айтбаев- облыстық мәслихат депутаты. Түрлі байқауларда бой көрсетіп сонымен қатар жеңімпаз атанып жүрген Димаш, өнер әлеміне бес жасынан аяқ тіреген. Содан бастап Димаштың өнері шындала бастады десек артық емес-ті. 
•  Филармония бастығы және мәслихат депутатының осынау Димаш сынды алып тұлғаны таныту үшін лауазымы септігін тигізді деген, миға қонымсыз.. Себебі, әлемді мойындату тіпті аудиторияны мойындату елестеткеннің өзінде өте ауыр іс. Керісінше Димаштың бойына осындай өнерді дарытқан ата-ана еңбегі ерең, мақтауға тұрарлық. Тағы бір мысал Димаштың жеткен жетістіктерінің бір қатарын хронологиялық тізбекпен тізіп көрсек.: 
 
• 2000 ж. “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясының жеңімпазы. 
• 2010 ж. “Байқоңырдың әсем дауысы” халықаралық фестивалінің бірінші жүлде лауреаты. 
• 2012 ж. ”Жас қанат” республикалық жас ән орындаушылар байқауының Грант- при иесі. 
• 2013 ж. ”Мейкин Азия” бірінші халық аралық фестивалінің жеңімпазы. 
• 2015 ж. ”Славян базары -2015” байқауындағы грант при жүлдегері. 
• 2016 ж. ”Васточный базар” халықаралық байқауында бірінші жүлде лауреаты атағын жеңіп алды. 
 Димаштың бойына дарыған өнер жетістіктерін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Елі мен жұртының үмітің арқалаған және соны ақтай білген Димаш Қазақ халқы үшін қайталанбас тұлға, елдің қазынасы. Бүгінгінің батыры атағын беруге тұрарлық азамат..