Пауло Коэльо "Алхимик"

Пауло Коэльо "Алхимик"
жеке
блог

Кітаптың басты кейіпкері - Андалусия қаласында тұратын қойшы Сантьяго. Бір күні ол түс көреді, түсінде Мысыр пирамидаларына барып, қазына табуды армандайды.

   Сыған оның түсінің сырына, болашақта болатын байлығының оннан бір бөлігін сұрады. Сантьяго Мельхиседек шалды, Салим патшасын кездестіреді, шал оны Мысырға баруды көндіреді де, оған Урим мен Туммим тасын береді.Ол тастар Сантьягоға қазынаны табуға пайдасы тиеді, алайда оның орнына байлығының оннан бір бөлігін сұрайды.

   Сантьяго өзінің қойларын сатып Африкаға аттанады. Өзінің барлық қаражатын жоғалтып алады да, хрусталь сатушысының көмекшісі болып жұмысқа тұрады, жинаған қаражатына Мысыр пирамидаларына аттанады. Сапар барысында, ол ағылшын адамынан алхимик туралы естейді. Содан кейін Эль Фaйюм оазисында алхимикті табады.

   Алхимик «әлем жанын» білуді оған үйретеді, алхимия туралы әңгімелейді және өз тағдыр жолын ұстануға көмектеседі. Сантьяго Фатимаға ғашық болып қалады.Өз қазынасын Мысырда емес, өзінің отанында - Испанияда табады. Көптеген тағдыр қиыншылықтарынан өтеді.

   Автор өзінің кейпкері арқылы адамдарға өзінің ішкі жан дүниесін тыңдауды, өмірдегі болып жатқан жағдайлардан сабақ алуды үйретеді, өйткені бұл өмірде мәнсіз құбылыстар болмайды, бәрі бір нәтиже үшін. 

   Қорыта келе, кітаптан түйгенім - әрқашан өз тағдыр жолымен жүру керек.Ешқашан түңілмеу және алға жүру - адам ұстанымы болуы тиіс. Сондай-ақ ежелгі даналықты ұмытпайық: "Бір болған нәрсе, екіншірет болмауы мүмкін.Ал бірнеше рет болған нәрсе, үшіншіретте болуы мүмкін"