"Жетім көрсең, жебей жүр"

"Жетім көрсең, жебей жүр"
жеке
блог

"Жетiм көрсең, жебей жүр" дейдi қазағымыз. Иә, ата-ананың жылы алақаны мен тәттi сөздерiн естiп үйренген бiз үшiн кез келген сәтсiздiк бақытсыздық болып елестейдi. Ал, өмiрдiң басты мәнi де, сәнi де ата-анамыз бен жақын жандарымыз екенiн ұмытып та кетемiз. Күйбең тiршiлiкпен бiрiмiз келесi демалысты, бiрiмiз келесi жалақыны күтiп жүргенде, балалар үйiнде қараусыз қалған бейкүнә сәбилер ата-аналарын күтедi... Олардың жылулығы мен ыстық құшақтарын аңсайды...Терезеге телмiрiп, жарық дүниеге әкелген жандарды іздейді...

Әрине, олардың ата-аналарын сағынып сыздаған жүректерiн ешкiм жұбата алмайды.Алайда,мөлдiр көздерi мен кiршiктей таза жандарын жылыту бар адамның қолынан келедi.


16 наурыз күнi Алматы қалалық "Жас Отан" ЖҚ белсендiлерi жәутеңдеген жанарлы балаларды мерекесiмен құттықтап, көңiлдерiн көтеру үшiн қалалық №1 балалар үйiне барып, концерттiк бағдарлама көрсетiп қайтты. Мерекелiк шарада ән айтылып, күй тартылды. Студенттер балалармен ойын ойнап, флешмоб биледi. Соңында, бүлдiршiндер арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.