Уақыттың уақыты жоқ...

Уақыттың уақыты жоқ...
жеке
блог

Уақыт – төңкерілген пирамида екендігіне куә болу, бақыт сенің тап жаныңда жүргенін ұғыну, адам өмірі қамшының сабындай қысқа екендігін түсіну, өткенді қайтару құдіретті Алланың да еншісінде емес, алайда алдыңдағы шайыңды үрлеп ішу – өмір сүрудің маңыздылықтары.

Байлық ұғымы әркім үшін әртүрлі. Бірі байлық отбасы десе, бірі үшін карьера, енді бірі балқып өмір сүру немесе өмірін әлемді саяхаттауға арнау.

Егер сен өміріңнің соңғы сәттерінде жаныңдағы жандардың асылдығы, тіпті, өзің таңдап алған жарыңның сұлулығын байқамай өткендігіңді түсіне алсаң – нағыз жан тәсілім кезінде ауыр соғатын сәт болмақ.

Бірақ мына жалған дүниеде өкінуге болмайды, достар! Себебі бұл физика әлемдегі бос кеңістік секілді. Ешкім жоқ. Ештеңе жоқ. Уақытты көміртек секілді қып-қызыл өкпеден бос, жеңіл шығару.

Сесилия Ахерннің «Подарок» атты туындысының оқырманы «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар...» деген Ұлы Абайдың сөзін дәдедейді. Бұл махаббат – кіршіксіз, пәк, өмірге деген сүйсінудің таңғы мөлдір шығы секілді. Әлемге қуанышпен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек деп білемін.

Сен күлімдей біл, тек санаулы жандарға ғана емес, сені қоршаған ортаға, әлемге.

Уақыт саған берілген қайтарылмас С Ы Й Л Ы Қ !!!