Фантастикаға толы кітап...

Фантастикаға толы кітап...
жеке
блог

Фантастика жанрын ұнатасыз ба?Қорқынышты кітап жанрына қалай қарайсыз?Егер ұнатсаңыз,онда бұл кітап сізге арналған.А.Беляевтың "Ауа саудагері"атты кітабы.Фантастика жанрындағы бұл кітап, негізінен  екі оқиғадан тұрады ,бірі жер жаһанды ауасыз қалдырып,өзі жинаған ауаны сату арқылы әлемді билеуді көздеген кейіпкер Бэлли.Оқиғадағы оның тылсым,оның құпия қалашығы мүлдем қызық дүние...Қалашықтағы өрімдей-зерттеуші қыз бен оның әкесінің тағдыры қалайша бұл жерге ұшырасты деген сауалдың, сіз күтпеген жауабы,тұтқынға түскен жас зерттеушілердің ерлігі xақында баяндалатын бұл оқиға тым ерекше,өзгеше.Екінші бөліміндегі оқиға "Бастың оқиғасы".Оқиғаның тіпті атының өзі оғаштау.Ендігі де оқиғаның желісін елестете беріңіз.Өте қорқынышты.Оқу барысында үлкен қорқыныш сезімін кеше отырып,соңында көз жасыңызға ерік бересіз:зерттеу қамымен жүрген қарт профессор Дауэль,өзінің отабасына да уақыт бөлмейді.Тек жұмыс бабымен әуре болады.Әдеттегідей оқиғада профессор ол қателігін түсінеді.Бірақ тек "басы" қалғанда...Оқиғаның соңында ,оған жасалған қорқынышты істерден кейін,ол өз баласымен қауышып,қарт профессор жүрегі қан жылаған ұлына  "басымнан бір сүйші",-дейді зарлы үнмен.Соңғы сөзі ..."Кімнің,профессордың ба әлде ?" Мен сізге бұл кітапты баяндап бере алмаймын,тек оқу барысындағы сезімдеріммен бөлісе аламын.Себебі,оны өзіңіз жастанып оқымасаңыз,түсінбеуіңіз мүмкін.Ал,егер оқысаңыз еш өкінбейсіз,өйткені бұл өзгеше кітап,ерек оқиға.Сіз күтпеген,тіпті елестетіп көрмеген оқиға кульминациясы.Нағыз фантазияның шарықтау шегі!