Қара Питер кім еді?

Қара Питер кім еді?
жеке
блог

     Әлем әдебиетінің шоқтығы биік Артур Конан Дойлдың «Шерлок Холмс» шығармасынан «Қара Питер» әңгімесі жайлы айтқым келіп отыр.

     Бұл шығарманың жазылу үлдгісіне қарағанда Шерлок Холмстың киносын көп адамдар тамашалдағаны белгілі. Әңгімесін оқып отырып дәл кинодағы эпизодтар, сөздері есіңе еріксіз оралады. Себебі шығарма сондай тартымды, әр бәр сөзінен оқиғаны көзіңе елестетіп жібереді.

     Әңгіме әдеттегідей Шерлоктың қылмысты қалай ашқаны жайлы жазылған. Ол Қара Питер Кэри деген бұрынғы теңізшінің құпия өлімі жайлы. Шығармада Шерлоктың жұмбақ сөздері, дөрекілеу мінезі, қызық қылықтары бар екенін анық аңғартады. Жас тергеуші Стэнли Хопкинстің орын алған қылмыстық істі шеше алмай атақты детективтен көмек сұрап сол арқылы ғана шешім таба алғаны, бүгінгі күнгі қылмысты аша алмайтын тергеушілер қайымын меңзеп отырғандай. Әрбір шығарма өмірдің бір бөлшегінен алынғандықтан да әлеуметтік өмірдің шындықтарын жасырып детективтің қызық өмірі арқылы шебер көрсете білген.