Алтыншы аптаның үздік блогы

Алтыншы аптаның үздік блогы
жеке
блог

7-15 наурыз аралығында 55 блог жазылды. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда (Оқыңыз: Бесінші аптаның үздік блогы) 2 есе аз. Оның себебі алдыңғы аптадағы мейрам алдындағы қарбалас, 8 наурыздың тойлануы, т.б. болса керек.

Блогшыларымыз түрлі тақырыпта қалам тербеді. Жүрегіне ақындық қонған қалам иелері өлең жолдарын тізбектесе, енді бірі театр қойылымынан алған әсерін жазды. Өзіне қызық көрінген ел жаңалығын блогқа арқау еткен де бар. Ал өмірден алынған мына тәмсіл кім-кімді де ойландырмай қоймайды. 

Мазмұны мен мағынасы, көрілім саны, лайк пен пікір санына байланысты жазбалар арасынан үздік 9 блог іріктеліп, Массагет.кз редакциясына ұсынылды. Іріктелген 9 блог:

Меңтай Мақсотқызы – Футболшылар голды қалай "тойлайды?"

Қыз Жібек – Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін, жеке басын куәландыратын құжатты талап ету қажет пе?

Айгерім Амалбек – Отандық брендтер

Естен Ербол – Нағыз махаббат

Сұңғат Анапия – Махамбеттің "қара нарына" менің жүктерім

Дәулетбақ Муятов – Өзіңді ізде

Аружан Аманжолова – Әрқашан күн сөнбесін

Камила Абаева – "– Көктем? – Пальто?"

Арайлым Құлтаева – Күлімде

Осы тоғыз блог "Үздік блог" атағынан үміткер болып, тартысқа түсті. Нәтижесінде Массагет.кз редакциясы "Махамбеттің қара нарына менің жүктерім" блогын  "Алтыншы аптаның үздік блогы" атағына лайық деп тапты. Блог авторы Сұңғат Анапияны шын жүректен құттықтаймыз!!! 

Осы орайда блогшыларымызға айтарымыз бар, блог жазарда сурет, видео секілді мультимедиалық контентті қосуды да ескере жүрсеңіздер екен. Блог жазу ережесін білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

Қоғамға өз үніңізді естірткіңіз келсе, елдің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары шоғырланған Массагет.кз сайтына блог жазыңыз! Бәріңізге оқырманы көп блог тілейміз!