Жүрейік жүрек ауыртпай

Жүрейік жүрек ауыртпай
жеке
блог
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
 
Театрға бару – мен үшін бір мейрам. Сабақтан тыс уақытым болып жатса,  театрға баруды ұнатамыy. Шыны керек, әрбір спектакль өзіндік әсер береді, өмірді өзгертіп, көп нәрсеге өзгеше көзқараспен қарауға бет бұрғызады. Философиялық тұрғыдан, театр – адамның жүйке жүйесіне дәрілік қасиет береді. Спектакль тамашалау барысында, табиғи актерлердің ойнағанын қарап, оқиға барысында қатысқандай сезінесің, бұл мен үшін өте маңызды. Актерлікке алғаш қадам басқанымнан-ақ, актер болу - өмірдегі оңай істердің бірі емес екендігіне көзім жетті.
 
Жақында ғана Мұхтар Әуезов театрында болып қайттым.“Жүрейік жүрек ауыртпай” спектаклін тамашаладық.Әке, бала, келін, немере. Әрқайсысы өзінше бір әлем. Ұрпақ жалғастығы, жарасым, яғни үлкенге құрмет, кішіге ізет, имандылық, қанағат болса, бақ бақыт қонуы тиіс-ақ отбасы еді. Олай болмады… Ата-бабадан қалған ескі қонысты сату не деген сұмдық деп қапаланып жүргенде ұлы мен келіні тағы бір өнер шығарып қарияны қарттар үйіне жіберді. Бала неге қатыгез? Қоғам неге қатыгез? Рухани азғындаудың түп-тамыры қайдан? Деген сұрақтан жанымды жүдетті. Нағыз қазіргі заманның өзекті мәселесі. Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме, белгісіз…