"Қызыл орамалды шынарым"

"Қызыл орамалды шынарым"
жеке
блог




Шығарма- Шыңғыс Айтматовтыкы. Әрине кітап пен қойылымды салыстыру өте қате. Себебі қойылымда көп нәрсе қысқартылады. Сондықтанда екеуіменде таныс болыңыздар дегім келеді.

Мен алғаш қойылымды көрдім. Ескі шығарма болса да әліде мәнділігін жоғалтпаған.

Махаббат, адалдық, адамдық, жігіттің ер жігіттігіне көп мән берілген.

Жүрегіңді тербеткен сезім болса да ең алдымен адалдықтың, адамдықтың бірінші тұратының көрнісі іспеттес. Әкелік сезімнің аналық сезіммен бағасының бірдей екенін сезінуге болады.

Әсел мен Ілияс арасында шынайы сезім, көңілдеріндегі тазалық бірден көрінеді, адал махаббатқа сеніп ешқандай есеп, пендешіліктің не екенін білмей бірден қол ұстасып кетеді. Бірақ, екеуінің қателігі әке-шеше алдынан өтпегендігі, әне барамыз міне барамыз деп бармау емес жігіттің тарапынан ереңсіздігінен туған жағдай еді. Қазақта айтады «қыран деп шыққаның жапалақ боп шықса, сол қайғы» дейді. Ішкі менмендігін жеңе алмаған Ілиястың ессіздігіне, ерсіздігіне де куәгер болуға болады. Оқиғаға дағы барлық жандардың бойынан жақсы қасиеттерді де, жаман қасиеттерді де көруге болады.

Қойылымда Айгүл Иманбаева, Жұлдызбек Жұманбай, Сәкен Рақышев, Әсет Иманғалиев т.с.с. театр актерлері бой көрсетеді. Басты кейіпкер Әсел рөлін жас актриса, «Іңкәр» тобының бұрынғы мүшесі, белгілі тележүргізуші Аида Жантілеуова сомдады. Ол жаны таза, ажарлы қыздың бейнесін айқын көрсете білді. Бұл бейне жас актрисаның театр сахнасындағы тырнақалды рөлі. Сондай-ақ, қойылымда кішкентай Саматтың қаз-қаз басқан кезін көрсету мақсатында сахнадан сәбиді көруге болады.

Ең басты тақырып «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген ойды жеткізу. Сезімді бағаламау, өз қорқынышың мен менмендігіңнің салдарынан ең қымбат жандарыңнан айырылуға болатындығы түсіндіру.

Негізі қойылымды көріп отырып енді не болады деп елігіп отырасыз, кітапты да оқыған кезде келесі бетке асыға өтіп отырасыз. Қойылымда орындалған әндерде адам жанын баурап алатын мағынасы жоғары әндер. Адамға осыншама әсер ете білген қойылым дайындаған режиссеріне де, актерларға үлкен рахмет айтқым келеді!

Сондықтан да, ішкі жан тебіреніс көргіңіз келсе театрға барыңыз, кітап оқыңыз!