Ыдыс-аяқ жуатын жануар сатылады

Ыдыс-аяқ жуатын жануар  сатылады
жеке
блог

Өткен аптадан бері алматылық пәтердің бірінде ыдыс-аяқ жуатын жанат пайда болды деген видео Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Қырғызстан телеарналарында хитке айналды. Видеоны НТВ, Russia Today, «Россия», Рен ТВ, МИР 24 жарыса көрсеткен еді. Қазақстандық сайттар да бұл туралы жазыса жазуда.

szh.kzalashainasy.kztengrinews.kzbaq.kzzhambylnews.kz сайттары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде. Қазіргі кезде видеоның  YouTube-дегі көрсетілімі  900 мыңға жетіп қалған.

Видеодағы жануарға қызығушылық білдіргендердің көпшілігі соншалық, сатып алуға ниеттілер көбейген. Қолайлы сәтті пайдаланғысы келді ма, әлде жалған хабарландыру ма, белгісіз, осыдан 2 күн бұрын market.kz сайтында әлгі жанаттың сатылатыны туралы хабарландыру пайда болды.