Жаңа тұсау кесер,жаңа басылым

Жаңа тұсау кесер,жаңа басылым
жеке
блог

 Көктемнің алғашқы күндері БАҚ өкілдері үшін жағымды жаңалықпен басталды.Себебі жаңада жарық көрген "AEN PRESS" баспасының тұсау кесері өтіп,"АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ" атты жаңа Республикалық Мотивациялық Журналдың алғашқы өнімі жұртшылыққа жол тартты.Журнал барлық оқырман қауымның өмірде өз орнын табуға көмектесетін бірден-бір көмекші құрал.Сонымен қатар арманшыл жандар мен болашағына үлкен мақсат құрып кәсіп ашқысы келетін жандарға жол сілтеуші.

Баспа директоры Әбдіқадыр Еңлік Нұрболатқызы бұл журналдың шығуына көп еңбек сіңірді.Күн демей,түн демей осы туындының оқырманға тезірек жетуі үшін қажырлы еңбек етті.Өз ұстанымын күллі жұртшылықпен бөлісіп,армандардың орындалатындығына көзімізді жеткізді.Еңлік ханымға табысты әрі шуақты күндер тілейміз.Ал сіздердің асқақа армандарыңыз, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын.

                                                                                                                       Ақбота ТІЛЕУЖАН