Шабытыңды шарықтатар-Журфак

Шабытыңды шарықтатар-Журфак
жеке
блог

Журналистика-қайнап жатқан тіршілік.Журналистика-өнер.Көп ақпараттан керегін тауып,оны тартымды етіп жеткізе білу,тек жаңалық жинап,оны тарату емес,ең біріншіден xалқыңның жақтасы болу,оның мұңын мұңдап,жоғын жоқтау,міне нағыз журналистика.
Осы мамандықты қалап,мамандығыма ғашық болып түскен ҚазҰУ-ымның қара шаңырағы-журфак жайлы өз басым бірінші рет қалам тербетпекпін.Бұл мен үшін жай ғана эссе емес,бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.Оның бірден-бір себебі,осы уақытта дейін білім берген көргені көп,білері мол журфак майталмандарының берген білімін ,менің түсінігімде саралау,лайықты деңгейде сіздерге жеткізу...
Біздің журфак-нағыз шығармашылық мекен.Әр студент-тылсым әлем.Әр ұстаз-мейірімнен жаралған,нағыз творчествалық жандар.Әр сабақ,нағыз шығармашылық өнердің көрінісі.Олай болуының себебі,оқу корпусында,не болмаса басқа жайттарға байланысты емес,олай болуының себебі,студенттердің бітпес қиялында ,ұстаздардың фантазиясында.Иә,иә ұстаздардың фантазиясы!Ұстаздарымыздың жас ерекшелігіне қарамастан,олар өте креативті жандар!Әр студентіне,әрқашан тың идеялар ұсынатын ғажайып жандар...
Журфак-басқаға ұқсамайтын мекен...Оған менің көзім,осы табалдырықты ең бірінші аттаған күннен-ақ жеткен.Бұл факультеттің аурасы бөлек.Бізде бірі әнші,бірі биші,ақын,суретші...Дегенмен,ең алдымен,әрқайсысы xалықтың жанашырлары.Осы жолда елге қалай көмек көрсетсем,қандай тың идея ұсынсам дегенді мақсат тұтқан адамдар.Міне ,журфагымның ,басқадан ерекшеленетіндігі,осы қасиетінде...Осындай мақсатты місе тұтқан,қара шаңырақ қаншама атақты,xалықтың қалаулыларын,елінің елеулілерін түлетті.Ендеше, журфактағы бар білгенін үйретуден жалықпайтын ,ойлары ұшқыр кретивті,ұлағатты жандардың арқасында,еліміздің ең бірінші университеті ҚазҰУ-дың журналистика факультеті өз кезегінде , әлі де,елінің жанашырларын түлету барысында!Мақтанамын,мақтанышым-Журфагым.