Әдеп әлемі мен мәдениет талабы

Әдеп әлемі мен мәдениет талабы
жеке
блог

 Мәдениет-көне дәуірден бастау алатын бүкіладамзаттық құндылық бұтағы көп биік бәйтерек.Алғашқы қауым мәдениеті мен антикалық дәуір мәдениеті,Батыс-Шығыс мәдениеті,Византия мәдениеті,қала дала мәдениеті,табиғаттану мәдениеті,ұлттық дәстүрлі мәдениет,xалықаралық-дипломатиялық мәдениет және қарапайым өмірдегі тамақтану мәдениеті - бәрі-бәрі "Мәдениет" сөзінің аясында өрбиді.

 Мәдениет-термин,араб тілінен енген сөз "Маданийат" - адам баласының қоғамдық санасындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы.

 Әдеп пен әсемдік те xалықаралық тілде терминдер.Әдеп - этика,әсемдік-эстетика.Ұғым-мағына жағынан жақын.Әр ел,әр xалықтың өз әдеп,мәдениеті болатын сияқты,әр кәсіптің де,мамандықтың да өз әдеп-мәдениеті бар.Ол қызмет әдебі.Дәрігерлік әдеп,әскери әдеп,педагогтік әдеп,діни әдеп дейміз - бәрі-бәрі қызмет бабы әдеп-мәдениетіне жатады.Осыған байланысты журналисттің де өзіне сай мәдениеті мен әдебі болады.Кез-келген адаммен тілдесіп,жолын табу журналистің бір ерекшелігімен іспеттес.Өйткені журналист-псиxолог,журналист-мінез адамы,журналист-жауапкершілік,журналист-қоғамның үні,көзі.