Жақсы жолдас болғыңыз келсе

Жақсы жолдас болғыңыз келсе
жеке
блог



Ер азамат – отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:

1. Сынамайды. Жақсы күйеу әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын біледі. Сондықтан да сынап, мінеумен оны сындыруға тырыспайды. Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады.

2. Тексермейді. Сенімсіздік – ерлі зайыптылардың ортасындағы ең үлкен кедергі. Жарыңыздың адалдығына күмән келтірмеңіз.Себебі,сіз таңдау жасап қойған болатынсыз.

3. Әйеліне зат секілді қарамайды. Сіздің әйелге қалай қарайтыныңыз адамгершілік қасиетіңізді көрсетеді. Әйеліңіз – өмірлік серігіңіз, балаларыңыздың анасы. Дәл сіз секілді «тірі жан». Бірақ әлдеқайда нәзіктеу, әлсіздеу. Сондықтан жұмсақтық пен назар аударғанды жақсы көреді. Көбірек тілдесіп, сырласуға тырысыңыз. Көбірек көңіл бөліңіз. Көңіл-күйін, не мазалап жүргенін, нені қалайтынын сұраңыз. Осылайша сіз әйеліңізге сүйіспеншілігіңізді білдіріп, оны қуанта аласыз.

 4. Кемсітпейді. Әйелге жекіп, кемсітіп не болмаса қорлауға болмайды. Қандай да бір қателік жасап қойса, ашуыңызды ақылға жеңдіре біліңіз. «Сен сияқты әйел кімге керек дейсің?» деген сияқты сөздермен кемсітіп, ар-намысын аяққа таптамаңыз.

 5. Өзгелермен салыстырмайды. Күйеуі әйеліне: «Әне жұрттың әйелін қарашы, ал сенің жүрісің мынау» деп айтқан бір сөздің өзі әйелдің нәзік жанын жаралайды. Өз-өзіне деген сенімі жоғалып, іштей жеп тынады. Қайта оған көмектесуге тырысыңыз. Былай жасасаң тіпті керемет болар еді деген сыпайы сөздермен сізге ұнамаған тұстарын түзетуге тырысыңыз.

6. Әкелік парыздарын естен шығармайды. Бала тәрбиесінде әке мен ана бірдей рөл атқарады. Олардан өз махаббатыңызды аямаңыз. Балаларыңызбен жақсы қарым-қатынасыңыз әйеліңізге де қуаныш сыйлайды.

7. Ашуға берілмейді. Қанша ашуланып тұрсаңыз да ешқашан дауыс көтеріп айғайлап, ұрыспауға тырысыңыз, әсіресе балалардың көзінше.

8. Өтірік айтпайды. Өзіңізге де, өзгелерге де адал болыңыз. Дәл осы өтіріктен қаншама отбасы ажырасып кетіп жатыр.Отбасыңыз-өміріңіздің мәні.Осыны ұмытпағайсыз...